Салтанатты шара барысында ол «Нұр Отанның» қатарына қосылған азаматтарды құттықтап, партияға өту ойланбастан, аяқасты жасалатын қадам емес, адамның азаматтық ұстанымын көрсететін, салмақты әрі ақылмен таразыланған шешімнің нәтижесі деген ойын жеткізді. «Бүгінгі шара партияның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен бағындырған асулары мен эволюциялық даму биігін бейнелейтін 15 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келуімен және Астана күні мерекесінің қарсаңында өткізілуімен ерекше. Партия лидері барлық нұротандықтарды саяси көшбасшылықты күнделікті істе дәлелдеп, қоғам өмірінің барлық бағыттарында алдыңғы орында болуымызды міндеттегенін білесіздер. Сіздер де осы сенімнің үдесінен толықтай шығады деген үміттемін», – деді Б. Байбек.
Бұл күні партияға белгілі сәулетші, ел Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібекұлы, Қазақстан Президенті жүлдесі үшін «Қазақстан барысы» турнирінің 2013 жылғы жеңімпазы Айбек Нұғымаров, бірқатар республикалық айтыстардың жеңімпазы Біржан Байтуов, Павлодар облысы ҚХА жастар бірлестігі үйлестіру кеңесінің төрайымы Элина Паули, «Петропавл құрылыс материалдары зауыты» ЖШС сату және ішкі экономикалық байланыстар жөніндегі директоры Андрей Титов, «Еуразия» бірінші арнасындағы сараптамалық бағдарламаның жетекшісі Александр Трухачев, «АРБА» тірек-қимыл аппаратының фунциясы бұзылған мүгедек азаматтарды қолдау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлмира Батпақұлова, Қазақстан Президенті Іс басқармасына қарасты «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» медициналық орталығы» АҚ президенті Талғат Тұңғышбаев, Талғар ауданындағы «Нұр» балалар үйінің директоры Тұяқ Есқожина, «Қазақстан КВН одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Есентүгел Елеукен, «Астана қалалық жастар саясаты басқармасы» МБ жетекшісі Талғат Рахманберді қосылды.
Кездесуде сөз алған Жандарбек Мәлібекұлы партия қатарына қосылу өзі үшін өте маңызды шешім болғанына тоқталды. «Елтаңбаның авторы ретінде Елбасының сонау тәуелсіздікке қол жеткізіп, мемлекетті құрған сәтіндегі әрбір бастаған игі істеріне өз үлесімді қосып келдім деп ойлаймын. Алдағы уақытта Президенттің барлық бағыт-бағдарларын қолдаушы ретінде оның елді дамыту ісіне әлі де болса өз көмегімді тигізгім келеді», – деді сөз орайында Ж.Мәлібеков.
Ал Б.Байтуов: «Қазақ елі экономикасы, саясаты, мәдениеті жағынан да дамудың жаңа белестеріне жол тартты. Әрине, мемлекет дамуының жаңа сатысына көтерілер тұста жастарға артылар жүк те ауыр болмақ. Мемлекет басшысы өзінің халыққа арнаған биылғы Жолдауында мәселенің барлығын жан-жақты түсіндіре келіп, соңында: «Жастар мен мұның бәрін сендерге арнап айтып жатырмын», деген еді. Мен сол кезде Елбасымыз бұл сөзді маған да арнап айтқандай әсерде болдым», дей келе, ел үшін қызмет ету – жастың да, жасамыстың да парызы саналатынын, демек, жастар жағы сөзбен де, іспен де қызмет етуге тиіс екендігін атап өтті. «Жалпы, «Нұр Отан» партиясының мүшелігіне өтуімді ел үшін еңбек етудің бір жолы деп түсінемін. Партияның мүшесі болу көкейіңдегі пікірді жоғары жаққа жеткізудің таптырмас тетігі деп білемін», – деді өз ойын түйіндеген айтыскер ақын.
Салтанатты рәсім аясында Айбек Нұғымаров та сөз алды. Ол өзінің партия қатарына қосылуын былайша түсіндірді: «Біз – спортшы болғандықтан, қашан да өз еліміздің патриотымыз. Ал патриот адам өз мемлекетінің мәртебесін асқақтатуда аянып қалмайды. Мені «Нұр Отан» партиясы қатарына, міне, осындай сезім жетелеп келді. Бойында намысы бар, жүрегі елім деп соққан азаматтардың барлығы бұл партияның мүшесі болуға лайықты деп санаймын. Сондықтан, Қазақстанның туын желбіретіп жүрген спортшы ретінде партия қатарына өту жөнінде шешім қабылдадым, бүгін, міне, қолыма партия билетін алып отырмын», деді ол.
Қазіргі таңда бұл партияның құрамында 875 мыңға тарта азамат бар. Олардың қатары күн санап толыға түсуде.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».

Жаңа Конституция: Елдің саяси жүйесі қалай өзгереді?
Ата заң • Бүгін, 17:02
Астанада шамамен 40 адам жасөспірімді аяусыз соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 16:53
Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады
Президент • Бүгін, 16:40
Астанада 2 жасар баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 16:38
Мемлекет басшысына Defense Tech жобасы таныстырылды
Президент • Бүгін, 16:33
Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
Қазақстан • Бүгін, 16:30
Астанадағы мешіттердің бірінде миллион теңгенің күртешесі қолды болды
Оқиға • Бүгін, 16:19
Жасанды интеллектке «Оскар» берілмейді: Сценарийді адам жазуы шарт
Жасанды интеллект • Бүгін, 16:10
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 15:53
Мереке қарсаңында пойыздарға қосымша вагондар тіркеледі
Мереке • Бүгін, 15:43
Тоқаев Dubai World Trade Center атқарушы вице-президентімен кездесті
Президент • Бүгін, 15:35
Алдағы уақытта жасанды интеллект өнеркәсіпке енгізіледі
Президент • Бүгін, 15:22
Мемлекет басшысы Sinovation Ventures және 01ai компанияларының бас директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:20
Атлант мұхитында 3 адам сирек кездесетін вирустан көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 15:15
Қазақстанда «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» құрылады
Президент • Бүгін, 14:58