АСТАНА. 4 шілде. Қазақстанның ұлттық мұражайы көлемі жағынан әлем бойынша алғашқы ондыққа кіреді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы ұлттық мұражайының директоры Дархан Мыңбай осылай деді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Д.Мыңбай: «Мұражайдың ерекшеліктері өте көп. Оның аумағының өзі 74 мың шаршы метрді құрайды. Эрмитаж – 180 мың, Лувр – 160 мың, Метрополитен (АҚШ) – 110 мың, Третьяков галереясы 70-75 мыңдай, Оңтүстік Корея музейінікі – 135 мың шаршы метр. Біздің мұражай жалпы көлемі жағынан әлемде алғашқы ондыққа кіреді», – деді.
Музей басшысының айтуына қарағанда, қазіргі таңда кешеннің ішін бағалы экспонаттармен толтыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Музей директоры: «Біздің жеке коллекционерлер осы ұлттық музейдің қорына құнды заттарды тапсырып жатыр. Оған үлкен алғысымызды білдіреміз. Ол тарихи құндылық болып саналады. Сондықтан өздерінде сақталмай қалуы мүмкін бағалы заттарды осы мұражайға келіп өткізуде. Бұл жақсы үрдіс және дәстүр болып қалуы тиіс», – деді.
Қазіргі таңда аталған музей басшылығы Еуропаның, Ресейдің танымал мұражайларымен байланыс орнатуда.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы ұлттық мұражайы осыдан бірер күн бұрын Мемлекет басшысының қатысуымен ашылған болатын.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «ҚазАқпарат».
Фото: astana.gov.kz.
• 04 Шілде, 2014
Астанада ашылған ұлттық музейге бағалы жәдігерлер қойылуда

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ұлытауда үздіктер марапатталды
Мереке • Бүгін, 18:46
Шағын және орта бизнестің үлесі жалпы ішкі өнімнің 40%-ына жетті
Бизнес • Бүгін, 18:24
Алматы облысында жолдың бір бөлігі опырылып түсті
Алматы • Бүгін, 18:05
Қазақстанның табиғаты Батыс жұртының назарын аударды
Қазақстан • Бүгін, 18:03
Алматыда заңсыз салынған автосервис нысаны сүрілді
Алматы • Бүгін, 17:46
Полиция қызметкерлеріне пара берген: Грузияда жасырынған кәсіпкер елге қайтарылды
Жемқорлық • Бүгін, 17:45
Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады
Президент • Бүгін, 17:43
Үкімет Абай облысының жылу желілерін жөндеуге 2,5 млрд теңге бөлді
Үкімет • Бүгін, 17:29
Ақтөбе облысында қызметінен босатылған аудан әкімі өлі табылды
Оқиға • Бүгін, 16:36
«Қайрат» пен «Қайсардың» матчын қайдан көруге болады?
Футбол • Бүгін, 16:32
Мереке күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 15:58
Қазақстандағы ерлер саны 10 миллионнан асты
Қоғам • Бүгін, 15:54
Швейцарияның SWISS ұшағы Алматы әуежайына шұғыл қонды
Оқиға • Бүгін, 15:25