Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдері Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысушылармен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы ТМД елдерінің қорғаныс ведомстволары басшыларының тұрақты кездесулерінің маңыздылығын атап өтті.
– Біздің мемлекеттеріміздің бірлескен тәжірибесі, адами байланыстар, ортақ білім берудің әскери саланы да қамтыған ортақ үрдісі, қару-жарақтың бірыңғай түрімен жабдықтау, сондай-ақ, сыртқы шекараларды қорғаудың ортақ кеңістігі – осының бәрі тығыз байланыстарды бұдан әрі де сақтау қажеттігін білдіреді, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев тұрақсыз геосаяси ахуал мен әлемдік экономиканың аумалы-төкпелі жағдайында Қазақстан көрші елдермен тығыз әскери ынтымақтастыққа мүдделі екеніне назар аударды.
– Бізде ҰҚШҰ аясында одақтастық қарым-қатынастар, өзара қорғау, әуе шабуылына қарсы ортақ сыртқы қорғаныс қалыптасты. Бізге осы қатынастарды және бір-бірімізге деген сенімді сақтау қажет, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті қорғаныс және әскери-техникалық ынтымақтастықты бұдан әрі дамытудың маңыздылығын да айтты.
– Біз қазір өзге мемлекеттермен бірлесіп жүзеге асыру үшін әскери техниканың бірқатар құрамдастарының өндірісін Қазақстанға әкелуді ойластырудамыз. Осыған байланысты біз бірлескен кәсіпорын құруды жан-жақты қолдаймыз. Көрші елдердің экономикалық және ішкі саяси ахуалдары Қазақстанға әсер етеді, сондықтан біз көршілерімізде, одақтастарымызда, соның ішінде Достастық аясында бәрі жақсы болуына шынайы тілектеспіз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында Мемлекет басшысы Кеңеске қатысушыларға табысты әрі жемісті жұмыс тіледі.

Мереке • Бүгін, 21:00
Президент стенд атудан әлемдік рекордты жаңартқан Әсем Орынбайды құттықтады
Президент • Бүгін, 20:56
Қазақстанда есірткі бизнесімен айналысқан 76 шетел азаматы ұсталды
Есірткі • Бүгін, 20:15
ҚазҰУ зерттеушілері Қазақстанда алғаш рет литий-ион батареяларын қайта өңдеу жобасын қолға алды
Экология • Бүгін, 19:21
Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ұлытауда үздіктер марапатталды
Мереке • Бүгін, 18:46
Шағын және орта бизнестің үлесі жалпы ішкі өнімнің 40%-ына жетті
Бизнес • Бүгін, 18:24
Алматы облысында жолдың бір бөлігі опырылып түсті
Алматы • Бүгін, 18:05
Қазақстанның табиғаты Батыс жұртының назарын аударды
Қазақстан • Бүгін, 18:03
Алматыда заңсыз салынған автосервис нысаны сүрілді
Алматы • Бүгін, 17:46
Полиция қызметкерлеріне пара берген: Грузияда жасырынған кәсіпкер елге қайтарылды
Жемқорлық • Бүгін, 17:45
Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады
Президент • Бүгін, 17:43
Үкімет Абай облысының жылу желілерін жөндеуге 2,5 млрд теңге бөлді
Үкімет • Бүгін, 17:29