Спорт • 13 Сәуір, 2023

Жалғас жекпе-жекке шығады

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақтың аралас жекпе-жек шебе­рі Жалғас Жұмағұлов 6 мамырда АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Ньюарк қаласында өтетін UFC 288 турни­рінде Натан Манеспен күш сына­суға тиіс еді.

Жалғас жекпе-жекке шығады

Осы аптаның басында америкалық спортшының жарақат алғаны белгілі болды. Содан UFC-дің басшылары оны дереу Рафаэль Эстеваммен алмастырды. 26 жастағы Бразилияның файтері осы спорт түрімен 2015 жылдан бері шұғылданады. Сол аралықта 11 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Сол бәсекелердің жетеуінде айқын басымдық танытты. Бұл – Эстевамның әлемдегі ең белді промоушеніндегі тұсаукесер кездесуі.

Ал Жалғастың жүріп өткен жолы қазақ жанкүйерлерінің көз алдында. 34 жастағы қандасымыз октагонға 22 рет шығып, 14 рет жеңіске жетті, сегіз қарсыласын есінен тандырды.

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше