АСТАНА. 8 шілде. Қазіргі таңда еліміз бойынша жүрек ауруына шалдыққан жандардың жылына 20 мыңға жуығына ота жасауға мүмкіндік бар. Ал осыдан 7-8 жыл бұрын мұндай операциялар бір жылда 6-7 мың адамға ғана жасалатын. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады.
Еліміздің дәрігерлері коронарлық тамырларды стенттеу операциясын сәтті жүзеге асырып келеді. Бұл операциялар жүрек ауруларынан болатын кісі өлімін азайтуға септігін тигізуде.
Бүгінде азаматтарға кардиологиялық қызмет көрсетудің жаңа әдістерін қолданысқа енгізу ісі тыңғылықты жүргізілуде. Бұл бағытта шетелдік мамандардың тәжірибесін игерудің маңызы зор.
Президенттің іс басқармасы медициналық орталығы интервенциялық кардиология бөлімінің меңгерушісі Данияр Маханов: «Германиядан арнайы шақырылған кардиология саласының маманы, профессор Вернер Хабербош коронарлық тамырларды стенттеу операциясын жаңа әдіспен жасауға болатынын көрсетті. Аталған әдістің арқасында жіңішке тамырларда қан ұйып қалатын жағдай болмайды. Мамандарымыз бұл операцияны меңгерген соң науқастар алыс шетелдерге шабылмай-ақ, өз елімізде тегін емделе алады, – деді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «Хабар» телеарнасы.
Фото: today.kz.
• 08 Шілде, 2014
Еліміздің денсаулық сақтау саласында жүрек дертін емдеуде ілгерілеушілік бар

14 мамырда бірқатар өңірлерде ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет
Экология • Кеше
Ағза алмастыруға мұқтаждар саны артқан
Қоғам • Кеше
Шахмат • Кеше
Мемлекет басшысы Түркия Президентін қарсы алды
Президент • Кеше
Қазақстанда инфляция қарқыны баяулады
Инфляция • Кеше
Теңгенің нығаюына қандай факторлар әсер етті?
Қаржы • Кеше
Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Қазақстан • Кеше
Ясауи іліміндегі рухани еркіндік
Таным • Кеше