Аймақтар • 17 Сәуір, 2023

Павлодар облысында жүк пойызы 7 жылқыны қағып кетті

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында жүк пойызы 7 жылқыны қағып кеткен. Жылқылардың иесі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Көліктегі полиция департаменті ұсынған деректерге қарағанда, 16 сәуірде Екібастұз-1 өткелінің 303 шақырымында жүк пойызының машинисі темір жолда жылқылардың болуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Пойыз 1 сағат 33 минут бойы тоқтап тұрды.

«Соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады. Салдарынан 7 бас жылқыны қағып кетті. Оның ішінде бір жылқы өліп, 6 жылқы жарақат алды», деді департаментте.

Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жылқының теміржол бойына шығуына жол берген Екібастұз қаласының 41 жастағы тұрғынын анықтады.

Құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі, яғни темiржол аумағында мал жаю қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025