АСТАНА. 10 шілде. Ауызекі тілде орыс сөздерін орынсыз қолдану тілімізді жұтаңдатып, төл сөздеріміздің қолдану аясын тарылта түсуде. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Тіліміздің тазалығы туралы әңгіме соңғы уақыттарда назардан тыс қалып барады. Өйткені, қазақша мүлде сөйлемейтіндерге назарымызды көп аударып, қазақша сөйлеуге тиісті азаматтарымыздың өзінің дұрыс сөйлеуі, тіл тазалығы жайлы әңгімені ысырып қойғандаймыз. Бірақ бұл ешқашан да естен шығарылатын мәселе емес. Ауызекі тілде орыс сөздерін орынсыз қолдану тілімізді жұтаңдатып, төл сөздеріміздің қолдану аясын тарылта түседі. Бұрыннан еніп, сіңісті болып кеткен «сәпсем», «даже» дегендер түгілі қазір қазақтың «етіп» деген етістігін қосып алып, орыс сөздерін қазақыландыратын «мода» шықты. Мысалы, «волноватса етіп», «опаздат етіп» т.т.с. Оның үстіне қойыртпақ тілді қоюлата түсетін бір тележүргізушілер шығып жүр. Ондайлар өздерінің қойыртпақ тіліне өздері мәз болып, жұртты күлдірмек болады.
Осы, орыстан еніп, құлаққа сіңісті болып бара жатқан жоғарыдағыдай сөздерді теріп, олардың қазақ тіліндегі қысқа да, нұсқа сөздігін қамтыған мақала жазуды қолға алмақпыз. Мәселен, онда жоғарыда айтылған «даженің» «тіпті», «еш», «совсемнің» «мүлде» деген сияқты қазақша жеңіл аудармалары барын көрсетуді көздейміз. Соған, тіл жанашырлары, сіздердің көмектеріңіз қажет. Күнделікті өмірдегі сөйлемдерімізге «басқыншылықпен» еніп бара жатқан өзіңіз білетін орыс сөздерін «Егеменнің» сайтына салып тұруларыңызды өтінеміз. Ал біз «Егеменнің» бетінде шығатын болашақтағы мақаламызда солардың қазақша жеңіл баламасын көрсетер едік. Егеменнің сайты: egemen.kz екенін естеріңізге саламыз.
Жақсыбай Самрат.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: turkystan.kz.

60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22
Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:03
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 14:51
Шымкентте пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 14:46
Ел тұрғындарының жылдық шығыны 1,3 млн теңгеге жетті
Қоғам • Бүгін, 14:32
Қазақстанда телефондарды тіркеу ережесі өзгереді
Оқиға • Бүгін, 14:16
Елімізде 14 мамандық мүлдем жойылады
Жасанды интеллект • Бүгін, 14:03
Домбыраны «харам» деп жариялаған ақтөбелік 7 жылға сотталуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 13:37
Жантүршігерлік оқиға: Жітіқарада жасөспірім анасын құтқарамын деп қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 13:03
Алматыдағыдан 3 есе қуатты: Бағдат Мусин Қазақстанның жаңа суперкомпьютері туралы айтты
Технология • Бүгін, 12:50
15 жылдан бері алғаш рет: «Болашақ» стипендиясы 10-15 пайызға артуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 12:40
Адамдарға қарай бағытталған: Алматы саябағында отшашу атқандарды полиция іздеп жатыр
Оқиға • Бүгін, 12:29