Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы Резиденциясында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов пен Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады. Алдымен Үкімет басшысы Елбасына елдегі алғашқы жартыжылдықтағы экономикалық дамудың негізгі қорытындылары туралы баяндап, келесі жартыжылдықтың жоспарлары жөнінде есеп берді.
Нұрсұлтан Әбішұлы бірінші кезекте жауапты лауазым иелеріне негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер мен валюта нарығындағы жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз етуді тапсырды. Елбасы қазіргі әлемдік қаржы нарығында орын алған жағдайларға байланысты ұдайы болатын тәуекелдерді сараптап отыру қажеттігіне баса назар аудару керектігін атап көрсетті.
Өз кезегінде Президентке Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов қаржы саласының жағдайы туралы мәлімдеп, елдегі банк жүйесінің жұмысына байланысты есеп берді. Сол сияқты бас банкир қаржылық сектордың жұмысын реттеп отырған тетіктердің қаржы-несие саясаты туралы баяндады.
Ұлттық банк басшысы өз есебінде еліміздің ішкі жалпы өнімінің нақты өсімі 2014 жылдың бірінші тоқсанында 3,8 пайыз болғанын жеткізді. Өткен жылдың алғашқы үш айымен салыстырғанда тауарлардың экспорты 10,8 пайызға көтеріліп, 22,7 миллиард долларға жеткен. Ал импорт 14,6 пайызға азайып, 8,7 миллиард долларды құраған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Ұлттық қордағы қаржы көлемі 77 миллиард доллар болған.
Оңтүстік астанадағы кездесуде Мемлекет басшысы Үкіметке де, Ұлттық банкке да нақты тапсырмалар берді. Ең бастысы, еліміздің қаржы жүйесінде тұрақтылықты қамтамасыз ету мен экономиканың даму ырғағын сақтау қажеттігін қадап айтты.
Президент қабылдауынан кейін Қайрат Келімбетов журналистермен қысқа баспасөз брифингін өткізіп, БАҚ өкілдеріне қорытынды ақпарат берді.
– Алғашқы жартыжылдықтың макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша алдын ала есеп бердік. Ағымдағы көрсеткіштер Қазақстандағы макроэкономикалық жағдайдың тұрақты екендігін көрсетеді. Дәл қазіргі таңда инфляция жылға шаққанда 7 пайыз көлемінде тұр. Бұл Ұлттық банк бекіткен 6-8 пайыз аралығындағы болжамға сай келеді. Сондай-ақ, 1 қаңтардан бастап бүгінге дейін тұрғындардың депозиті 500 миллиард теңгеге көбейді. Ал ақпан айында орын алған ақшаның кері қайтуын қоса есептегенде, бұл көрсеткіш 10 пайыздан асты. Сол сияқты біздер валюта бағамының түзетілуі ел экономикасына оң нәтижесін бергенін атап өтуіміз керек. Оның ішінде биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша төлем балансының оң сальдосы қалыптасып, 6,3 миллиард доллардан асты. Толайым алғанда осы барлық кезеңде Ұлттық банктің алтын-валюта қоры өсіп отырды. 9 шілдедегі көрсеткіш бойынша ол 27,5 миллиард доллар болды. Ұлттық қордың резервтерінің өсуі есебінен еліміздің алтын-валюта қорының жиынтығы 103 миллиард доллардан асты. Бұл көрсеткіштердің барлығы да мемлекеттегі макроэкономикалық жағдайдың тұрақты екендігін сипаттап, Елбасының ұзақмерзімді стратегиясы мен жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауындағы тапсырмаларын орындауға мүмкіндік береді, – деді банкир.
Брифинг барысында Қайрат Келімбетов тамыз айының басында Мемлекет басшысының төрағалық етуімен алғашқы жартыжылдықтың экспорт-импорт көрсеткіштеріне өндірістің барлық салалары бойынша алдын ала қорытындылар жасалатынын жеткізді. Оған қоса, қаржы секторының да мәселелері талқыланып, Елбасының тапсырмасы бойынша қаржы саласын 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасының жобасы бойынша жұмыстар жүргізілмек. Сол сияқты экономикалық өсімнің көрсеткіштері бойынша болжамдар, инфляциялар, қаржы секторы, несиелер мен депозиттер жағдайы талқыға түспек, деді Ұлттық банк төрағасы.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Суретті түсіргендер
С.Бондаренко, Б.Отарбаев.

60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22
Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:03
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 14:51
Шымкентте пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 14:46
Ел тұрғындарының жылдық шығыны 1,3 млн теңгеге жетті
Қоғам • Бүгін, 14:32
Қазақстанда телефондарды тіркеу ережесі өзгереді
Оқиға • Бүгін, 14:16
Елімізде 14 мамандық мүлдем жойылады
Жасанды интеллект • Бүгін, 14:03
Домбыраны «харам» деп жариялаған ақтөбелік 7 жылға сотталуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 13:37
Жантүршігерлік оқиға: Жітіқарада жасөспірім анасын құтқарамын деп қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 13:03
Алматыдағыдан 3 есе қуатты: Бағдат Мусин Қазақстанның жаңа суперкомпьютері туралы айтты
Технология • Бүгін, 12:50
15 жылдан бері алғаш рет: «Болашақ» стипендиясы 10-15 пайызға артуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 12:40
Адамдарға қарай бағытталған: Алматы саябағында отшашу атқандарды полиция іздеп жатыр
Оқиға • Бүгін, 12:29