Тараздан Шолаққорғанға шығатын ұзын жолдың бойындағы Қаратау қаласы облыс орталығынан 100, Жаңатас 170 шақырым қашықтықта жатыр. Қатар жатқан қос шағын қалаға Билікөл арқылы баратын жол біршама жақсы, ал Ақкөл арқылы барсаңыз, әжептәуір азапқа түсетініңіз анық. Сарысудың сары даласында ұшарын жел, қонарын сай біліп, аппақ боп қатып жатқан кәдімгі көк тұзды тонналап таситын ауыр жүк көліктері бұл жолдың көп жерін езіп, ойдым-ойдым етіп тастаған. Сондықтан бұл жақтың тұрғындары облыс орталығына бір жағы шойын жолмен қатынағанды қолайлы көреді. Жол-жөнекей Жамбыл, Талас, Сарысу аудандарының бірқатар елді мекендерін басып өтіп, Жаңатасқа барып бір-ақ тоқтайтын бұл теміржол рас болса, кезінде қасиетті Түркістанға төтесінен тартып, екі араны жақындатпақ жоспармен салынған көрінеді. Бірақ о баста ойға алған істі қандай жағдайдың бұзғанын қайдам, әзірге қос рельс өндірісті қаламен тұйықталып тұр. Әйтсе де, осынау пойыз бұл жақтағы елдің ерттеулі аты сияқты, түсіп-мінуге де, қалаға қатынауға да ыңғайлы. Ел әйгілі «Транссібір экспресі» фильмінің кейбір сюжеттері осы жолдың бойында түсірілгенін жыр қылып айтады. Қайбір жылдары Тараз бен Жаңатастың арасында қатынайтын осынау пойыздың біраз уақыт тоқтап қалған кездері де болды. Теміржол басшылары онсыз да алқам-салқамы шыққан бір вагонның өзін көп көрді ме, қаңтарып қойып, жергілікті билік әрең дегенде кемшілікті түзеген-ді. Міне, ол күндердің қиындығы келмеске кеткендей. Қазір облыстың қоржыны тоқ, елдің тұрмысы түзеле бастады. Арнайы мемлекеттік бағдарламаның арқасында шағын қалалар да еңсесін тіктеп келеді. Жаңа заманға сай ел де жаңа дүниені талап етеді. Осыған орай Тараз шаһары мен өндірісті кенттердің арасына жүретін пойыз құрамы қосымша вагондармен толықты. Бұған дейін екі ортаны жол қылып, әбден тозығы жеткен жалғыз вагон су жаңа үш вагонмен алмастырылды. Жолаушыларға барынша қолайлы жағдай жасалған бұл вагондар 165 жолаушыға арналған. Тіпті, барлығына теледидар мен салқындатқыш орнатылыпты. Сондай-ақ, жол жүру ұзақтығы да айтарлықтай қысқарды. Пойыздың әрі-бері тұрақты қатынауы үшін облыс қазынасынан 280 млн. теңгедей қаржы бөлінді. – «Газель», автобусқа қарағанда пойыз өте тиімді. Кейбір елді мекендер үлкен тас жолдан алыс, пойыз жолдың бойында орналасқан. Ондай ауылдарға автобустар кіре бермейді. Бір жағы бұл пойыз халықтың қалтасына да тиімді. Қаратаудан Таразға дейін небәрі 155 теңге төлейсің, – дейді Қаратау қаласының тұрғыны Кенжебек Сапаров. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Бекболат Орынбеков жаңа вагонмен сапарға шыққан жолаушыларға сәт-сапар тілеп, Тараз бен Жаңатастың арасын жақындата түскен бұл пойызға жергілікті бюджеттен барлық жағдайдың жасалатынын жеткізді. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан». Жамбыл облысы. Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17
60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22
Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:03
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 14:51
Шымкентте пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 14:46