Мереке • 01 Мамыр, 2023

Бейбітшілік бесігі

531 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

1 мамыр – халқымыз үшін маңызы мен мәні тұрғы­сынан ең басты мере­келердің бірі. Өйткені қоғам өміріндегі кез келген істің берекелі де баянды болуы ауызбіршілік пен ынтымаққа келіп тіреледі. Онсыз жасампаздық та, өнер де, мәдениет те, тіл де, дін де өміршең болмас еді. Тіпті ынтымақ пен келісімсіз ғасырлар бойы армандаған тә­уелсіздігімізді де, Отанымыз­дың келешегін де баян­­ды қыла алмас едік. Біз осы бақытымыз бен құн­ды­лықтарымыздың бар­­лығына бас қосқан бір­лі­гіміз бен тізе қосқан тір­­лігі­міздің арқасында жеттік.

Бейбітшілік бесігі

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «EQ»

«Байлық – байлық емес, бірлік – байлық» деген ұстанымды ту көтерген халқымыз тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап ұлт­аралық және дінаралық тату­лық пен толеранттылықты ел да­муының басты желкені қылды. Ке­лісім жоқ жерде келешек, бір­лік жоқ жерде болашақ болмайтынын ұғынған жұрт үшін бұдан өзге жол да, бағыт та жоқ еді. Қонақжай қазақ жерін мекендеген әрбір ұлт өзінің тілі мен дінін, мәдениеті мен дәстүрін еркін ұстанып, заман ағымына сай дамытуға алғашқы күннен мүмкіндік алды.

Күні кеше 1 мамыр мерекесі қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» деген атаумен өткен ХХХІІ сессиясында Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ынтымақ пен келі­­сімнің арқасында жеткен та­быс­тары мен бейбітшілігін тағы бір шегелеп айтты.

 «Біз бәріміз – бір отбасымыз. Бұл – артық айтқандық емес. Бұл – біздің шынайы болмысымыз», деген Мемлекет басшысы ел халқының бірлігін арттырып, ауызбіршілігін нығайтатын факторлардың бірі – мемлекеттік тіл екенін де тағы бір еске салды.

«Барлық азаматтың мемле­кеттік тілді меңгеру мәселесі саясатымыздың стратегиялық бағыты болып қала береді. Қазақ тілі – азаматтық интеграцияның тиімді құралы, мәдени-рухани тұтастықтың жарқын көрінісі. Мемлекеттік тілді, әсіресе ана тілін, яғни қазақ тілін білу – қандай да бір азаматтың мә­дени өресі, азаматтық жауап­кершілігі қаншалықты биік екенін білдіреді. Сондай-ақ қан­шалықты патриот екенін көр­сетеді», деп атап көрсетті Пре­зидент.

Бүгінде Қазақ елін әлем жұрт­­шылығы «бейбітшілік бесігі» ретінде танитыны бе­се­не­ден белгілі. Біздің мін­детіміз – осы тату­лығымыз­дың тұнығын лайламай, тұрақ­ты­­­лығын бұзбай, одан әрі нығайту, бірлігімізді арттыра беру. 1 мамыр секілді елдік ма­ңызы бар мерекелердің ар­тық­­­шылығы мен құндылығы осын­дайда көрінсе керек.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15