Тағайындау • 16 Мамыр, 2023

Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры тағайындалды

526 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде ротациялау тәртібінде Бас прокурордың 2023 жылғы 15 мамырдағы бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Қайрат Әлиханұлы Әбдіханов Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры тағайындалды

Қайрат Әлиханұлы 1972 жылы 16 мамырда Алматы облысының Талғар ауданында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1996 жылы Алматы облысы Талғар ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған. Әр жылдары бірқатар жауапты басшылық лауазымда қызмет еткен. Оның ішінде Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының орынбасары, Жамбыл аудынының, Талдықорған қаласының прокуроры, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары прокурорының орынбасары, Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Тағайындалғанға дейін Павлодар облысының прокуроры лауазымында болды. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасын басқарған Бағбан Таймбетов қызметті өткерудің шекті жасына жетуіне байланысты лауазымынан босатылды.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03