Қоғам • 04 Маусым, 2023

Мәулен Әшімбаев: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы!

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекеттік рәміздер күніне орай құттықтау жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәулен Әшімбаев: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы!

«Құрметті достар!

Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Ту, Елтаңба, Әнұран – әрдайым халқымызды бірлікке шақыратын, әрбір қазақстандықтың айбынын асырып, рухын асқақтататын ең асыл құндылықтарымыздың бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш пен жауапкершілік сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы!

Шын мәнінде, егемен елдіктің нышаны саналатын рәміздеріміздің қадір-қасиетін өскелең ұрпақтың санасына бала жастан сіңірудің берері мол. Бұл, түптеп келгенде, жастарымыздың отаншыл болып қалыптасуына үлкен үлесін қосады. Сондықтан бұл күнді кеңінен атап өту, оны дәріптеу айрықша мәнге ие.

Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа амандық, береке-бірлік және ырыс-несібе тілеймін! Әнұранымыз әуелеп, Елтаңбамыз төрден түспей, Байрағымыз биікте желбірей берсін! Тәуелсіз Қазақ елі мәңгі жасасын!», делінген құттықтауда.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025