Саясат • 10 Маусым, 2023

Сырым Шәріпхановқа қандай міндеттер жүктелді?

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Әлихан Смайылов Төтенше жағдайлар министрлігінің ұжымына жаңа басшы – Сырым Шәріпхановты таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сырым Шәріпхановқа қандай міндеттер жүктелді?

«Премьер-министр  ведомствоның алдында азаматтық қорғау саласындағы Мемлекет басшысы мен Үкімет белгілеген бірқатар маңызды міндет тұрғанын атап өтті. Бұл ретте қазіргі уақытта Абай облысындағы ірі табиғи өртті оқшаулау және жою аса маңызды», делінген Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов мұндай жағдайлардың алдын алу үшін арнайы шараларды орындау деңгейін арттыру маңызды екенін атап өтті. 

«Сіз бүкіл процесті үйлестіріп отыруыңыз керек. Бұл ірі өрттердің алдын алу және су тасқыны мәселелеріне де қатысты. Біз осындай ірі төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдап отыруымыз керек. Азаматтық қорғау органдарының жұмысы мен жылдамдығына көп нәрсе байланысты», деді Әлихан Смайылов.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы бүгін Төтенше жағдай министрі Юрий Ильинді қызметінен босатты. Оның орнына Сырым Шәріпхановты тағайындаған еді.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25