Әскер • 15 Маусым, 2023

Үздік сарбаздар тегін оқиды

417 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2022 жылы әскерге шақырылған сарбаздар Отан алдындағы борышын өтеген соң жоғарғы оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне қол жеткізеді. Оларға 1500 орын бөлініп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қорғаныс министрлігі аппарат басшысы, полковник Ербол Құмарбекұлы мәлім етті.

Үздік сарбаздар тегін оқиды

Мерзімді әскери қызметін өткерген сарбаздардың жеңілдікпен білім алу шарттарын Қорғаныс министрлігі 2022 жылы әзірледі. Биыл мамыр айында әскери кеңесте Мемлекет басшысы бұл бастаманы мақұлдап, тиімді іске асыру үшін тиісті тапсырмалар берді. Ербол Құмарбекұлының айтуынша, еліміздің 70-тен астам жоғары оқу орнымен шарттар жасалған. Ал Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева іріктеуге ыңғайлы болу үшін «Срочники 2.0» цифр­лық платформасы енгізілгенін айтты. Бұл платформаға Қарулы күштердің, Ұлттық ұланның, ТЖМ, Мемлекеттік күзет қызметінің 110-нан астам әскери бөлімі тіркелген.

«Бұл жүйеде әскери қызметін өте­­гендер және оларды ауыстыру­ қыз­метінің барлық кезе­ңіндегі ба­ға­лау­ көрсетіледі. Жауын­герлік даяр­лық­тың барлық пәні бойынша­ әскери қыз­метшінің ағымдағы бағаларының рей­тин­гі ай са­йын шығарылады. Есепке алу­ әскердегі жауынгерлік дайындық жур­налдарында және осы электрондық плат­­формада бір мезгілде жүргізіледі. Элек­­трондық жүйеде әр сарбазға жеке рей­­тинг жасалады», деді министрдің кеңес­­шісі Айгүл Төлембаева.

Кан­дидаттарды іріктеу мынадай кри­терийлер бойынша жүргізіледі: жа­уын­герлік дайындық; жеке тәртіп; арнау­лы міндеттерді орындаудың толықтығы және психологиялық жағдайды бағалау. Әр сарбаз үш ЖОО-нын таңдайды. «Срочник 2.0» электрондық жүйесінде сар­баздарды ЖОО-дары бойынша бөлу авто­матты түрде жүргізіледі.

«Конкурстық іріктеуге 2022 жылы көк­­темде әскерге шақырылған мерзімді әс­кери қызметтің 12 548 әскери қыз­мет­ші­­с­і қатысып жатыр. Қазір 1500 орын бө­­­л­інеді. 2022 жылы күзде әскерге ша­қы­­­рыл­ған сарбаздар үшін 1500 орын бө­­лі­не­тін­­ тағы бір кезең өтеді», деді өз сөзінде А.Төлембаева.

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15