Қоғам • 28 Маусым, 2023

Ақмола облысында қола дәуірінде өмір сүрген адамның сүйегі табылды

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысы аумағындағы Қызылұйым ауылы маңындағы қорғанды қазу кезінде адам сүйегі табылды. Мамандардың болжамынша, ол қола дәуірінде өмір сүрген болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақмола облысында қола дәуірінде өмір сүрген адамның сүйегі табылды

Орталық мамандарының мәліметіне сүйенсек, адам сүйегі оң жағымен, басын солтүстік-батысқа қарай қаратып, қол-аяғы бүгілген күйде орналасқан.

«Нашар сақталған остеологиялық қалдықтар табылды, оның ішінде бас сүйектің бөліктері, білек сүйектері, аяқтың тірсек сүйектері, аздап жамбас сүйектері жарым-жартылай сақталған», делінген Ақмола облысы мәдениет басқармасының Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы таратқан хабарламада.

Сүйек қалдықтарының мойын бөлігінде 20-дан астам пасталы моншақтары (алқа) табылды.

 

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35