
Бас қалада жалауы желбіреген Сары құрлық додасында жерлестерімізден бөлек, Азияның ең мықты құрамалары саналған Жапония, Таиланд, Иран, Ирак, Оңтүстік Корея, Моңғолия және Үндістан секілді сегіз елдің параволейболшылары Азия чемпионатының бас жүлдесі мен Паралимпиада жолдамасын сарапқа салды. Отандастарымыз құрлық біріншілігінің жартылай финалында Қытай командасын 3:2 есебімен жеңіп, чемпионаттың финалына шығып қана қоймай, 2024 жылы Парижде өтетін Паралимпиада ойындарының лицензиясына қол жеткізген-ді.
Алайда финалдық бәсекеде Азияның азулы құрамасы, чемпионат барысында бірде-бір ойында жеңілмеген Иран командасымен шеберлік байқасып, аса тартысты өткен кездесуде қонақтардан 3:0 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Қазақстанның параволейбол командасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.