Әлем • 12 Тамыз, 2023

Илон Маск пен Марк Цукерберг арасындағы айқас ерекше стильде өтеді

442 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Миллиардерлер Илон Маск пен Марк Цукерберг арасындағы жекпе-жектің қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Илон Маск пен Марк Цукерберг арасындағы айқас ерекше стильде өтеді

Бұндай жаңалықпен  X әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск өз парақшасында бөлісті.

Оның айтуынша, аталмыш айқасты өзінің және Цукербергтің қоры ұйымдастырады.

Осылайша Маск мұның алдындағы «жекпе-жек UFC алаңында өтеді» деген ақпаратты жоққа шығарды.

Тікелей эфир X платформасында (бұрынғы Twitter желісінде) және Цукербергке тиесілі Meta-да көрсетіледі.

«Камераға түсетін бүкіл көрініс ежелгі Рим стилінде болады, демек заманауи ештеңе күтпеңдер. Мен Италияның премьер-министрімен және мәдениет министрімен сөйлестім. Олар шараны эпикалық орында өткізуге келісті», деп жазды Илон Маск өз парақшасында.

Сонымен қатар миллиардердің сөзіне қарағанда, түскен қаражат түгел ардагерлерге аударылады.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше