Футбол • 20 Тамыз, 2023

Аутсайдердің айқын жеңісі

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенбіде футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 20 турының үш ойы­нын тамашаладық. Бұл бәсекелер Қа­рағанды, Ақтау және Павлодарда өтті.

Аутсайдердің айқын жеңісі

«Шахтер» мен «Оқжетпес» арасындағы кездесуде алаң иелері көкшетаулықтардың қақпасына жауапсыз екі гол соқты – 2:0. 66-минутта Иван Свиридов есеп ашса, 90-минутта Темур Чогадзе бәсекенің соңғы нүктесін қойды. «Каспий» өз алаңында «Қызылжарға» есе жіберді. 58-минутта Борис Смилянич нысананы дәл көздесе, көзді ашып-жұмғанша Лука Имнадзе мергендік танытты. Ақтаулықтар бір ғана голмен жауап қайыруға жарады – 1:2. Көш соңында келе жатқан командалардың бірі – «Ақсу» бұл жолы өте сауатты ойнап, көздеген нәтижеге қол жеткізді. «Атырауға» қарсы ойында олар төрт допты қақпаға тоғытты. Бұл голдардың авторлары – Лима Маилсон (екі рет), Гарсия Брайан және Андрей Соловей. Қонақтар сапынан Евгений Козлов қана доп соғуға жарады – 4:1.  

Кеше ел біріншілігінің 20 туры аясында тағы төрт ойын өтті. Бұл бәсекелерде «Жетісу» мен «Мақтаарал», «Астана» мен «Қайсар», «Ордабасы» мен «Қайрат» және «Ақтөбе» мен «Тобыл» клубтары шеберлік байқасты.

 

Соңғы жаңалықтар

Қалам қазанаты

Тұлға • Бүгін, 08:55

Орман қорына қол сұғу тыйылмай тұр

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:50

Өмірі өнермен өрілген

Тұлға • Бүгін, 08:45

Қияндағы қыстау

Талбесік • Бүгін, 08:37

Қасіреттің құны қалай өтеледі?

Талбесік • Бүгін, 08:35