Қоғам • 22 Тамыз, 2023

Қайрат Боранбаев сотта кінәсін мойындады

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Қайрат Боранбаевтың ісіне қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайрат Боранбаев сотта кінәсін мойындады

Фото: Tengrinews.kz

Апелляциялық алқа Боранбаевтың, сондай-ақ Роман Наханов пен Тайыр Жанұзақтың ісін қайта қарады.

Сот отырысы барысында Қайрат Боранбаев өз кінәсін мойындайтынын айтты.

Боранбаевтың ісі өткен жылдың желтоқсан айында тергеле бастаған.

Еске сала кетсек, осы жылдың 31 наурызында Қайрат Боранбаевтың үкімі жарияланды. Сот шешіміне сәйкес ол кінәлі деп танылды. Дәлірек айтқанда, Боранбаевтың мал-мүлкі тәркіленіп, өзі 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Одан бөлек QazaqGaz басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзақ та 8 жылға сотталып, өмір бойына мемлекеттік қызметті атқару құқығынан айырылды. Сот оларды QazaqGaz ұлттық компаниясына ресейлік газды қайта сату кезінде 14,5 миллиард теңге жымқыру ісі бойынша кінәлі деп тапқан.

Кейін Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қайрат Боранбаевқа қатысты алдында шығарылған сот үкімінің күшін жойғаны белгілі болды. Бұған Ресей газының бағасы туралы ақпаратты қамтитын құжаттың түпнұсқасының болмауы себеп болған. 

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25