Білім • 22 Тамыз, 2023

Жаңа оқу жылында хиджаб киюге рұқсат беріле ме? Министр жауап берді

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстан мектептерінде хиджаб кию мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа оқу жылында хиджаб киюге рұқсат беріле ме? Министр жауап берді

Фото: kavkazr.com

Министр заң талаптарына сәйкес барлық оқушылар мектепке классикалық үлгідегі киіммен келуі керек екенін еске салды.

«Бұл шешім білім алуға тең мүмкіндіктер жасау мақсатында қабылданып жатыр. Бұл мәселеде өзгеріс жоқ – барлығы заң аясында және бекітілген талаптар аясында болады. Мектепке бекітілген мектеп формасымен бару керек», деді министр.

Осы тұста Ғани Бейсембаев оқушылардың ата-аналарына мектепке барудың басты мақсаты – сапалы білім алу екенін назарға алуға кеңес берді.

«Білім саласында басқа мәселелерді қозғаудың қажеті жоқ. Бала сапалы білім алуы керек, бұған ата-ана заң бойынша өз үлесін қосуы керек, бәріміз заңның талабын орындауымыз қажет. Еске салайын, Конституцияда еліміз зайырлы мемлекет екені анық жазылған. Сондықтан балалар мектеп формасын кию керек. Бұл талап», деді ведомство басшысы.

 

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25