
Әлемнің 42 елінен 1000-нан астам спортшылар жиналған байрақты бәсекеде Қазақстан құрама командасынан 194 үздік спортшы ел намысын қорғайды.
Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов, Халықаралық Джиу-джитсу федерациясының президенті Теодоропулос Панайотис, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, ҚР джиу-джитсу қауымдастығының президенті Қуат Сағиев қатысты.
«Бүгінгі таңда джиу-джитсу спорт түрі елімізге келгеніне аз уақыт болса да, кейінгі екі жылда үлкен жетістіктерге жетті. Оған дәлел, JJIF ( Джиу Джитсу Халықаралық Федерациясы) әлемдік деңгейде осы спорт түрін дамытуда үлкен үлес қосқаны үшін, Қазақстандағы джиу-джитсу спорт түрін дүниежүзінде екінші орын деп таныды. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қамқорлығының арқасында елімізде отандық спортқа аса үлкен көңіл бөлінеді. Соның нәтижесінде, бүгінде отандық джиу-джитсушылар әлем біріншіліктерінде жоғары нәтижемен қуантуда», деді Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.
Дүбірлі дода 25 тамызға дейін Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жалғасады. Чемпионаттың ақтық белдесулері «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Спорт • 22 Тамыз, 2023
Астанада алғаш рет джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтіп жатыр
Астана қаласында алғаш рет джиу-джитсудан жасөспірімдер мен кадеттер арасында 14-21 жас санаттары бойынша әлем біріншілігі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ертең елдің көп бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауады
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында балабақшадан өрт шықты
Оқиға • Кеше
Ақтөбе әкімдігіндегі ірі өрт: шығын көлемі жарияланды
Аймақтар • Кеше
Астанада Жеңіс күніне орай әскери техника көрмесі өтеді
Мереке • Кеше
Оралда жасалған алып кемеге Қонаевтың есімі берілді
Аймақтар • Кеше
Әсем Орынбай стенд атудан жаңа әлем рекордын орнатты
Спорт • Кеше