Ауа райы • 26 Тамыз, 2023

26 тамызға арналған ауа райы болжамы

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 тамызда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, дауыл соғады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, деп жазады Egemen.kz.

26 тамызға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша, еліміздің батысында, оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Ал солтүстікте, солтүстік-батыста тұман түседі, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе облысында, Атыраудың батысында, оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстаудың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі болады.

Батыс Қазақстан облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі болады деп болжанып отыр.

Алматы облысының солтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жетісу облысында жоғары өрт қаупі болады.

Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды ​​облысының орталығында да өрт қаупі жоғары болмақ.

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025