
«Басты мақсат – педагогикалық кадрлардың кәсіби әлеуетін арттыру, оқушылардың бойында ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие философиясын қалыптастыру және одан әрі дамыту. Қазіргі таңда аталған мектептердің қазақ тілі, ағылшын тілі, география, математика, физика, химия, биология пәндерінің мұғалімдері мен бастауыш сынып мұғалімдері қосымша оқуды бастап кетті және іске кірісті. Яғни, «Білім инновация» халықаралық қоры биыл әлемдегі озық мектептер жүйесінің сапалы білімі мен құндылықтарын осы үш қазақ мектебіне енгізуді бастап кетті. бұл жобадан біз үлкен нәтиже күтеміз», дейді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев.