Спорт • 08 Қыркүйек, 2023

Екі мыңнан астам оқушы тоғызқұмалақ ойнап, Гиннес рекордтар кітабына енеді

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тоғызқұмалақ күніне орай 9 қыркүйекте Алматы қаласында тоғызқұмалақтан сайыс өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Екі мыңнан астам оқушы тоғызқұмалақ ойнап, Гиннес рекордтар кітабына енеді

Фото: Оқу-ағарту министрлігі. Телеграм.

Аталған шара Тұңғыш Президент атындағы саябақта сағат 10:00-де өтеді.

Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше аталған жарысқа 2000-нан астам жоғары сынып оқушысы қатысады. Олар Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енуді мақсат етіп отыр.

Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі. Сондай-ақ 2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың мәдени мұралары тізіміне енгізілгенін атап өткен жөн.

Сонымен қатар қыркүйектің 21-24 күндері аралығында Алматы қаласындағы ADD үстел теннисі орталығында тоғызқұмалақ спортынан рапид және блиц бойынша оқушылар арасында (U-15, U-17) әлем чемпионаты ұйымдастырылады. Турнирге әлемнің 20 елінен 150-ден астам ойыншы қатысады.

 

Соңғы жаңалықтар

Шекарасыз ақпараттық майдан

Басылым • Бүгін, 11:20

Нейрожелі БАҚ-тың бағын байлай ма?

Жасанды интеллект • Бүгін, 10:50

Журфак сабақтастығы

Пікір • Бүгін, 10:40

Жәдігерлер жоқшысы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 10:30