Көкшетаудағы “Бірлігіміз жарасқан!” патриоттық акциясы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнінен бастау алуының маңызы айрықша. Жалаулар желбіреген Тәуелсіздік алаңы айшықты безендірілуімен көз тартады. Мерекелік сән-салтанаттағы қалалықтардың көңілдері көтеріңкі, жүздері жарқын. Дауыс күшейткіштер арқылы руҺ көтерер қымбат рәміздеріміздің қадір-қасиетін паш еткен жалынды сөздер ерекше екпінмен қалықтауда.
Салтанат Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауындағы “Саламатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты – денсаулық сақтау саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс” деген тапсырмасының тиянақтылығын дәріптеген шарамен басталды. “Олимпиадалық жүгіру күні” республикалық акциясының аясында жарыс жолына жеңіл атлетшілер шықты. Оған облыстың 52 оқу орны мен еңбек ұжымдарынан 600 адам қатысты. Қаланың ең көрікті Абай көшесінің бойымен мектеп оқушылары мен студенттер, жұмысшылар мен қызметкерлер, зейнеткерлер замана көшін алға сүйрей зымырауда.
– Қазақстан жастарының алдында үлкен міндеттер тұр, – дейді жарыс жеңімпазы, Ақкөл аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері Александр Червяков. –Сондықтан, біз замандастарымыздың тәні сау, жаны таза болуын қалаймыз. Бұл – жай жүгіріс емес, замана көшінен озық болуды меңзейтін жүгіріс.
Жарыс жолында мүмкіндігі шектеулі жандар табандылық пен батылдықтың, намыс пен жігер-қуаттың қайран қаларлық үлгісін танытты. Оларды жиналған қауым мәре төрінде “бәрекелді” мадақ сөздерімен, алқызыл ықылас гүлдерімен қарсы алды.
Одан кейін алаңға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін облыс аумағында насихаттаған автожорық мәшинелері келді. Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко “Бірлігіміз жарасқан!” патриоттық акциясын ашып, жиналғандарды маңызды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, өңір басшысы жастар арасында патриоттық тәрбиені өрістетудегі белсенділігі үшін бір топ жасқа “Жыл патриоты” арнайы жүлдесін тапсырды. Олардың арасында соңғы Азия ойындарында ұзындыққа секіруден алтын медальді жеңіп алған спорт шебері Людмила Гранковская да бар.
Көкше жастары Мемлекеттік рәміздер күні өздерінің жазғы еңбек семестрін бастауды игі дәстүрге айналдырған. Міне, бүгін де әуеге студенттік еңбек отрядтарының айырым белгілерін байлаған шарлар ұшырылды. Жұртшылық жастардың “Бізді биіктен көріңіздер!” деген ишаратына қабыл болсын айтты.
Акцияның ресми бөлімі Тәуелсіздік алаңында Мемлекеттік Тудың көтерілуі мен Мемлекеттік Әнұранның шырқалуымен аяқталды. Салтанатты рәсімді атқару құрметі облыс әкімі Сергей Дьяченкоға, Көкшетау қаласының құрметті азаматы, Жеңістің 65 жылдығына байланысты Мәскеудегі Қызыл алаңдағы мерекелік парадқа қатысушы Балташ Сейітовке, “Нұр Отан” ХДП Ақмола облыстық филиалының “Жас Отан” жастар қанаты жетекшілерінің бірі Индира Сүлейменоваға берілді.
Мереке облыс орталығының мәдениет мекемелері әртістерінің кең көлемді концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Бақберген АМАЛБЕК,
Ақмола облысы.
РӘМІЗДЕР – ЕЛДІҢ РУХЫ
Кеншілер қаласы Екібастұзда еліміз бойынша республикалық ІІІ патриоттар форумы болып өтті. Отанымыздың энергетикалық орталықтарының бірі саналатын кеншілер қаласында бұл күндері 140 мың халық тұрады. Бірқатар этнос өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешуде. Еліміздің түкпір-түкпірінен жеткен қонақтар “Мемлекет” “Рәміз” “Патриот” тақырыбындағы митингке қатысу үшін қаладағы “Қайнар” білім беру және саламатты өмір салтын қалыптастыру кешеніне келді. Бұл жасөсіпірімдер мен балаларға арналған кешен былтыр “Жол картасы” бағдарламасы аясында 155 миллион теңге қаржы бөлініп, іші-сыртына түгелдей қайтадан күрделі жөндеу, жаңарту жұмыстары жүргізіліп пайдалануға берілген болатын. Балалар үшін 200 орындық жиылыс залы, би залы, кафе ашылып, туристік қызығушылыққа арналған скалодром жасалды. Жарқыраған кешен іші заманауи үлгідегі құрал-жабдықтар, жиһаздармен жабдықталды.
Қонақтар кешен ішін аралап көрді, балалар өз өнерлерін көрсетті. Кезек-кезек туристік-альпинистік скалодромға шығып, спорттық жігерліліктерін байқатты. Сонымен қатар, балалардың қадағалаусыз қалмауларын, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу, бос уақыттарын мазмұнды өткізу, азаматтық сана-сезімді, патриотизм мен отансүйгіштікке баулу, саламатты өмір салтын қалыптастыру, балалардың жазғы демалыстарын ұйымдастыру бұл кешенді орталықтың негізгі міндеттері болып табылады. Балалар әр сала бойынша елімізде өтетін барлық байқаулар мен конкурстарға қатысады. Митингте форумның мәртебелі қонақтары еліміздің Парламенті Сенатының депутаты, “Нұр Отан” ХДП жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес төрағасы Оралбай Әбдікәрімов, академик Ғарифолла Есім, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген сәулетші, Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков, Екібастұз қаласының әкімі Нұрлан Нәбиев, “Екібастұз МАЭС-2” стансасы” АҚ-тың жұмысшысы Серік Заңұлы сөз сөйлеп, жиналғандарды тәуелсіздігімізді асқақтатар рәміздерді құрметтеуге, елдің жарқын болашағы үшін халқымыздың ынтымақ-бірлігін қастерлеуге шақырды.
Егемен елдің рухы – Мемлекеттік Әнұран шырқалып, елдің тұтастығын паш ететін Елтаңбасы жарқыраған, көкте асқақ байрағы – Туы желбіреген салтанатты шарада екібастұздық өнерпаздар Ләззат Шушаева, Александр Верещак, Қуат Құдайқұлов, “Арман” вокалдық тобы патриоттық әндерді әуелетті.
Фарида БЫҚАЙ,
Павлодар облысы,
Екібастұз қаласы.
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – БИІК МЕРЕЙІМІЗ
Биылғы табиғат таңғаларлықтай. Жазымыз жаңбырлы, қаламыз да, даламыз да жасанып-ақ тұр. Ал, маусымда өткен жылы пайдалануға берілген әсем Ақтаудағы “Мемлекеттік рәміздер” алаңы барлық күні дерлік салтанатты шараларға толы болуда. Оны бәрі де жаңа алаңда алыстан менмұндалап тұрған тәуелсіз Қазақ елінің алып Көк байрағының астында әсем де әсерлі өтіп жатады. Кеше ғана “Нұр Отан” ХДП Маңғыстау облыстық филиалы Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “Жасыл ел” бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ақтөбеліктердің “Ауылдың көркеюі – елдің көркеюі” атты марафон-эстафетасын аймақта “Жасыл бақты Маңғыстау” деген атаумен жалғастырған ауқымды акция өткізген-ді. Онда жиналғандар көпшілікті өлкемізді көк желекке бөленген аймаққа айналдыруға шақырды. Барша тұрғындарға, жастарға үндеуде әрбір ауылда “Балбөбектер бағын”, “Жас ұландар бағын”, “Мектеп түлектерінің аллеясын” құруға ұсыныстар жасалды.
Ал бұл күні акция басталғанға дейін көшедегі радиодан патриоттық әндер шырқалып тұрды. Өйткені, шара мақсаты жастарымызды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, достық, татулыққа, республикамыздың Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге шақыру болды. Еліміздің бойтұмарындай Туымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызын, қадір-қасиетін тереңдете насихаттау еді. Сондықтан да орталық алаңнан “Мемлекеттік рәміздер” алаңына бет алғандар “Нұр Отан” ХДП “Жас Отан” жастар қанатының жастары, “Ақтау” студенттер альянсы, “Жасыл ел” жасақтары, жоғары, арнаулы оқу орындарының студенттері болды. Олардың бәрі өздерінің Қазақстанның азаматы екендіктерін, тәуелсіз Қазақ елінің мемлекеттік рәміздерін, тіліміз бен мәдениетіміздің алып берген ең асыл жақұттары екендігін ән мен жырға қоты.
Түс ауа жастар шеруі орталық көшедегі әйгілі ақын Қашаған Күржыманұлының ескерткіші тұсынан басталып, “Мемлекеттік рәміздер” алаңына келді. Бұл жерде ел болашақтарын облыс, қала басшылары, қоғамдық ұйымдар өкілдері мен Ақтау қаласының құрметті азаматтары қарсы алды. Облыс әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев: “Мемлекеттік рәміздер елдігіміздің бейнесі, егемендігімізді әйгілейтін ерекше ұлттық қастерлі белгілер. Оларды қастерлей білетін сіздер, жастар – еліміздің болашағы, тәуелсіздігіміздің тірегісіздер”, – деді. Салтанатта “Нұр Отан” ХДП жастар қанатының атқарушы хатшысы Н.Қарасаев, Ақтау гуманитарлық колледжінің озат студенті С.Панова, әскери қызметкер Б.Есмағанбетов, т.б. сөз сөйледі. “Жас Отан” жастар қанатына мүшелер салтанатты түрде қабылданды. Үлкен өрлеу үстінде өткен патриоттық акция соңы облыстың белгілі көркемөнерпаздарының концертіне ұласты.
Жоламан БОШАЛАҚ, АҚТАУ.

Мәдениет • Кеше
Заң • Кеше
Атырауда тұрмыстық зомбылықтан 4 әйел көз жұмды
Отбасы • Кеше
Қызылорданың тазалығы тұрақты бақылауда
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Кеше
Шетелдік валютаның бүгінгі бағамы қандай?
Қаржы • Кеше
Қорғаныс министрлігі маңызды мәлімдеме жасады
Әскер • 29 Қараша, 2025
Трамп Венесуэла үстінен әуе кеңістігін жабатынын жариялады
Әлем • 29 Қараша, 2025
Әлназарова: Жекеменшік клиниканың қызметін МӘМС есебінен алуға болады
Медицина • 29 Қараша, 2025
Жедел жоспар іске қосылды - Энергетика министрлігі КҚК-дағы төтенше жағдайға қатысты
Энергетика • 29 Қараша, 2025
Президент Индонезия мен Таиланд басшыларына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • 29 Қараша, 2025
Елімізде алғаш рет науқастардың жүрегіне соңғы шыққан кардиостимулятор қойылды
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Қазақстан Халқы Ассамблеясының Алматыдағы үздік отбасы анықталды
Отбасы • 29 Қараша, 2025
Атырау облысында 13 мыңнан аса адам қант диабетіне шалдыққан
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Биыл Қостанай облысының агросаласына 207 млрд теңге бөлінді
Шаруашылық • 29 Қараша, 2025
Түркістан облысындағы кәсіпкерлердің 42 пайызы әйелдер
Әйел әлемі • 29 Қараша, 2025
Қазақстанның халық әртісі Рихангүл Махпирова 79 жасында дүниеден өтті
Мәдениет • 29 Қараша, 2025
Қазақстанда Airbus ұшақтарындағы бағдарламаны жаңарту бүгін аяқталады
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Астана әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр
Елорда • 29 Қараша, 2025
Патриоттық құндылықтарды нығайту мәселесі талқыланды
Заң мен Тәртіп • 29 Қараша, 2025
Әбиба Әбужақынова Grand Slam турнирінде қола жүлдеге ие болды
Спорт • 29 Қараша, 2025
Асқабақтан қайық жасаған АҚШ фермері
Әлем • 29 Қараша, 2025
Өнер • 29 Қараша, 2025
Ауыл мектептері оқушыларының олимпиадасында 200 қатысушысы жеңімпаз атанды
Білім • 29 Қараша, 2025
Білім сапасы қандай? Сенаторлар Президент тапсырмаларының орындалу барысымен танысты
Білім • 29 Қараша, 2025
Қазақстанда депозиттер өсіп, халық үшін тиімді бола бастады
Депозит • 29 Қараша, 2025
Алматы дәрігерлері комада жатқан науқасқа үш операцияны қатарынан жасады
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Қостанайда зейнеткерлер 3 млн теңгесін алаяқтарға аударып жібермек болған
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Ақтау – Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы: Салтанатты концертке 1500-ден астам адам қатысты
Мәдениет • 29 Қараша, 2025
e-Qyzmet халықаралық платформада жарияланды
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Тұлға • 29 Қараша, 2025
Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025
Жәдігер • 29 Қараша, 2025
Түркістанды тұтастандырған кітап жәрмеңкесі
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Аймақтар • 29 Қараша, 2025