Әлем • 13 Қазан, 2023

Ауғанстанда Қазақстан құтқарушылары үйінді астынан баланың денесін тапты

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауғанстанда Қазақстан құтқарушылары қираған үйінділердің астынан 5-6 жастағы баланың денесін тауып алып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауғанстанда Қазақстан құтқарушылары үйінді астынан баланың денесін тапты

Фото: ТЖМ

Ауғанстанда жүрген Қазақстан құтқарушылары жойқын жер сілкінісінің салдарын жою жұмыстарын жалғастырып жатыр. Олар Наиброфи елді мекенінде 211 үй фрагментінің үйіндісін бөлшектеді. «Бір қатармен» әдісі бойынша құтқарушылар 487 учаскені жаяу жүріп өтті. Осы елді мекенде 700 қираған үйдің учаскесі тексерілді.

«Толығымен қираған тұрғын үйдің біреуін бөлшектеу барысында құтқарушылар қайтыс болған 5-6 жастағы баланың денесін тауып алып шықты», делінген ТЖМ хабарламасында.

Қазақстан құтқарушылары ауған тарапының өкілдерімен бірге Наиброфиден 10 км қашықтықта орналасқан  Сияхан елді мекенінде толығымен қираған үйлердің астын тексерді. Чолк елді мекенінде де үйінділерді  бөлшектеу жұмыстары жүргізілді. Зардап шеккендер табылған жоқ.

Қазақстандық құтқарушылар 80 жергілікті тұрғынға, оның ішінде 11 балаға медициналық көмек көрсетті. Қатты афтершок фактілерінің жиілеуіне және бөлінген учаскедегі жұмыстардың аяқталуына байланысты Қазақстан ТЖМ жасағы Герат қаласына жолға шықты.

Еске салайық, 10 қазанда Қазақстанның 45 құтқарушысы Ауғанстанға көмек көрсету үшін кеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25