Үкімет • 15 Қараша, 2023

Бюджет қаржысын игере алмаған министрліктер аталды

207 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бюджет қаржысын игере алмаған министрліктер пен облыстарды Үкімет отырысында Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков атап өтті. Олардың ішінде салыстырмалы түрде бюджет қаражатын ең көп игере алмаған 4 министрлік пен 4 облыс бар, деп жазады Egemen.kz

Бюджет қаржысын игере алмаған министрліктер аталды

Вице-министрдің айтуынша, қаржыны игермеудің негізгі себебі − конкурстық рәсімдерді ұзақ мерзімде өткізу, өнім берушілердің тауарларды уақтылы не толық жеткізбеуі, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөнінде нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамау, шот-фактуралар, атқарылған жұмыс актілерінің дер кезінде ұсынылмауы.

«Жергілікті бюджеттің шығыстары 10 трлн теңгені құрады. Атқарылмағаны - 294 млрд теңге. Биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 қарашаға 1 трлн 261 млрд теңге бөлінген. Оның 94,4 пайызы игерілген. Атқарылмағаны – 71 млрд теңге, оның ішінде 2 млрд теңге – үнемделген қаржы құрамына кіріп отыр. 69 млрд теңге игерілмеген. Ең көп бюджет қаржысын игермеген Астана және Алматы қалалары, Маңғыстау және Ақмола облыстары», деді ол.

Ал, министрліктер бойынша қаржыны игермеудің ірі сомалары Ішкі істер, Мәдениет және ақпарат, Су ресурстары және ирригация, Экология және табиғи ресурстар министрліктерінде қалыптасқан.

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары - 98,2, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,4, жергілікті бюджеттердің шығыстары 97,2 пайызға орындалды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 18 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 107 млрд теңгені құраса, оның ішінде, үнемдеу 16 млрд теңге болды. Игерілмегені – 91 млрд теңге», деді Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15