Қоғам • 06 Желтоқсан, 2023

Қылмыстық топтың мүшесі Сербияда ұсталды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратура  Қазақстаннан сырттап шекара асып  кеткен заң бұзушыларды экстрадициялау бойынша  жұмыстарды жалғастырып, Сербия мемлекетінен  ұйымдасқан қылмыстық топтың бір мүшесін елге жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық топтың мүшесі Сербияда ұсталды

egemen.kz

«Қараша айында «OLIMP KZ» букмекерлік кеңсеcінің қызметімен байланысты қылмыстық топтың құрамында болған күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланған болатын. Бүгін Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі және ІІМ-нің Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен оның сыбайласын Сербия Республикасынан экстрадициялады. Олар 2014-2019 жылдары қылмыстық топтың құрамында заңсыз құмар ойындарын өткізуге, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарғаны, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыруға қатысы бар деген күдікке ілінген. Аталған заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 86 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген. Осыған байланысты күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, кейін олар халықаралық іздеуге жарияланған. Қылмыстарды жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгені» жазылған ақпаратта.

Астана қаласының тергеу изоляторына қамалған күдіктіні экстрадициялау шарасы  Қазақстан мен Сербия арасындағы «Ұстап беру туралы» жасасқан шарт негізінде жүзеге асырылды.

 

 

Соңғы жаңалықтар

359 шетелдік байқаушы қатысады

Референдум • Бүгін, 23:50

Автолизинг неге аяқсыз қалды?

Экономика • Бүгін, 08:40

Қоймаларда картоп жеткілікті

Шаруашылық • Бүгін, 08:35

«Qazaq Digital mektebi»

Digital • Бүгін, 08:30

«Shyraq AI» игілігі

Digital • Бүгін, 08:25

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15

Арқалық музейіндегі асадал

Жәдігер • Бүгін, 08:10