Спорт • 14 Желтоқсан, 2023

Биыл қазақтың 30 зілтеміршісі допингпен ұсталды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев спортта допинг қолдану көрсеткіші жылдан-жылға ұлғайып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл қазақтың 30 зілтеміршісі допингпен ұсталды

Фото: Peter Dazeley

«Qazaqstan» арнасы хабарлағандай, кейінгі 3 жылда 133 кәсіби спортшының қанынан тыйым салынған препарат табылған.

Ведомство басшысының пайымынша, бұған қазақ спортында фармакология саласының дамымай жатқаны себеп болып отыр. Сондықтан бұл мәселені заң аясында реттеп, жүйелі жұмыстар атқару қажет.

«Еліміз бойынша екі жоғары оқу орнында ғана жылына 45-ақ студентті спорт саласындағы медицина маманы ретінде дайындап шығарады. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, спорт саласына бейімделген психолог, фармаколог, нутрициолог сияқты салалық мамандарды дайындайтын факультет ашу ниетіміз бар», деді Ермек Маржықпаев Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында.

 

Айа кетсек, қазір ел ордасы Астанада Ұлттық спорт университеті салынып жатыр. Жалпы, Қазақстан бойынша алдағы екі жылда 113 спорт нысаны бой көтеріп, 26-сы жөндеуден өтеді деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03