Спорт • 26 Қаңтар, 2024

Александр Винокуров Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанды

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев велоспортшы Александр Винокуровке Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы құрметті атағын тапсырды. Бұл туралы министр Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Александр Винокуров Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанды

Фото: prosports.kz

«Велоспорттан еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері, Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуровпен кездестім. Даңқты велошабандозымыз отандық спортты, оның ішінде велоспортты дамыту жолында қажырлы еңбек етіп келеді. 2013 жылдан бері ол әлемге әйгілі «Астана» велокомандасын басқарады. Кездесу барысында Александр «Астана» велокомандасының халықаралық жарыстардағы нәтижесі мен болашақ даму жоспарлары туралы айтып берді. Велоспорттан ұлттық құраманың көшбасшылары осы ұжымның өкілдері екені белгілі. Сондықтан біз осы жазда Парижде өтетін Олимпиадада ел намысын қорғайтын велошабандоздарды дайындаудың жеке жоспарын талқыладық», деп жазды Е.Маржықпаев.

Министр жиын соңында Александрға Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы құрметті атағын тапсырды. Спортшы өз кезегінде жазда ұлттық құрамамен бірге Париж Олимпиадасына баруға уәде берді.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше