Футбол • 02 Ақпан, 2024

Абат Айымбетов ресми түрде түркиялық клубқа ауысты

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Астана» футбол клубының шабуылшысы Абат Айымбетов мансабын Түркия чемпионатында жалғастырады. Ол енді «Адана Демирспор» футбол клубында өнер көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.

Абат Айымбетов ресми түрде түркиялық клубқа ауысты

Фото: ФК «Астана»

«Біздің Абат мансабын Түркия чемпионатында жалғастырады. Ұлттық құраманың шабуылшысы Абат Айымбетов «Адана Демирспор» командасының ойыншысы атанды. Қос тарап 1.5+1 жүйесі бойынша келісімшартқа қол қойды. Сәттілік серік болсын, Абат», делінген Қазақстан футбол федерациясының хабарламасында.

Түркиялық «Адана Демирспор» 2023-2024 футбол маусымында кестеде 20 команданың ішінде әзірге 8-орынға жайғасқан. Енді Абат Айымбетов Марио Балотелли, Нани сынды танымал футболшылармен бір клубта доп тебеді.

Абат түркиялық клубта «Миланның» экс-ойыншысы, сенегалдық М’Бая Ньянганың орнын басады.

Айта кетейік, Абат кейінгі ел чемпионатында «Астана» сапында 45 матч өткізіп, 10 гол соққан. 3 нәтижелі паспен көзге түскен.

аа

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025