Президент • 06 Ақпан, 2024

Қазақстанның Ішкі істер министрі тағайындалды

476 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстанның Ішкі істер министрі тағайындалды

Фото: gov.kz

Ержан Сапарбекұлы 1968 жылы туған. 1993 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетін, 1998 жылы ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы Шығыс Қазақстан облысы ІІБ ауданаралық жедел-іздестіру бөлімінің жедел уәкілі болып бастаған. Аға жедел уәкіл, бөлімше, бөлім, басқарма бастығы сынды лауазымдарды атқарды. Өскемен қаласы полиция басқармасының бастығы, Маңғыстау облысы полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары болды. Ақмола облысының және Астана қаласының полиция Департаментін басқарды. 2022 жылдың  қаңтар айынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін Ішкі істер министрінің орынбасары болды. 2023 жылдың 2 қыркүйегінде Президент Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Ержан Сәденов Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалған еді.   

 

Соңғы жаңалықтар

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10

Ауыл балаларының қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Бар ізгілік – білімде

Қоғам • Бүгін, 09:40

Сөзге салынған шынжыр кісен

Әдебиет • Бүгін, 09:35

Жүрек тулатқан жырлар

Руханият • Бүгін, 09:30