 
                                        Қазақстанның қыздар құрамасының аға жаттықтырушысы Мария Ялова алдағы матчтарда мына ойыншыларға сенім артады: Қақпашылар – Ирина Кондрашова («Қайрат»), Дидар Нәкен («Астана»), Зарина Хайтметова («Ордабасы»). Қорғаушылар – Дарья Толкачева, Әнел Досболова («Қайрат»), Ажар Шөкетаева, Рамина Омарова, Әделия Бекқожина (СДЮШОР №8), Елизавета Медведева («Ақсу»), Гауһар Мусина («Ордабасы»). Жартылай қорғаушылар – Адина Ізібаева, Томирис Рахатжан, Вероника Пересунько, Виктория Цыганова, Жәнел Таласбаева («Қайрат»), Данагүл Ахметжан, Юлия Шрам («Шахтер»), Элина Ирисметова («Томирис-Тұран»), Аминат Биғожина (СДЮШОР № 8), Влада Огай («Жетісу»). Шабуылшылар – Полина Тучина, Назым Алданазар («Қайрат»), Айсана Зекен, Аяжан Әбдина және Елнұра Катран («Ордабасы»).
Алматыдағы доп додасында В лигасының 4 тобында ойнайтын Қазақстанның футболшылары Босния мен Герцеговина, Эстония, Армения құрамаларымен шеберлік байқасады.
 
                             
                                 
                             
             
             
             
             
             
             
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                