Халық • 04 Сәуір, 2024

Көрші өңірге қолұшын созды

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақтың ұстанатын бір қағидасы – қайырымдылық. Бұл, әсіресе өңірлер табиғи апаттан зардап шеккен қиын сәтте анық байқалды.

Көрші өңірге қолұшын созды

Фото: ukab.ru

Атырау облысының тұрғын­дары «Күшіміз – бірлікте» акциясына белсене атсалысты. Жер­гілікті жастар ресурстық ор­та­лығының жетекшісі Мән­сия Са­ғидоллаеваның айтуын­ша, үш күнде 8 тонна азық-түлік, киім мен дәрі-дәрмек, гигие­налық заттар жиналды.

«Еліміздің біраз өңірі су тасқынынан зардап шекті. Бұл – табиғи сипаттағы төтенше жағ­дай. Осындай қиын кезде бір­тұтас бірлігімізді көрсету – аза­маттық борышымыз. Осыған орай өңірде көмек көрсету пункті ашылды. Табиғи апаттың қыспағында қалып, қиналған өңірлердің тұрғындарына жіберу үшін күнделікті тұтынатын азық-түлік, өзге де заттарды жинауға жергілікті кәсіпкерлер мен белсенді азаматтар, қалалық және облыстық мәслихаттар­дың депутаттары үлес қосты. Мұн­­дай жанашырлық танытудан қарапайым тұрғындар да қалыс қалмады», дейді М.Сағидоллаева.

Оның айтуына қарағанда, екі жүк көлігіне тиелген гу­мани­тарлық заттары Ақтөбе облысына жіберілді.

 

Атырау облысы