Қазақстан • 05 Сәуір, 2024

Қазақстанда «Qazaq Culture» бірегей жобасы іске қосылды

79 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жаңа ақпараттық-танымдық портал Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттау, ұлттық брендті дәріптеу және қазақ халқының тарихы мен мәдениетін таныстыру мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда «Qazaq Culture» бірегей жобасы іске қосылды

Фото: depositphotos.com

Ауқымды жоба 8 тілде, яғни БҰҰ-ның алты ресми тілі мен қазақ және түрік тілдерінде қолжетімді.

Ақпараттық порталда мұрағат қорының деректері де енгізілген. Бұл бөлімде мұрағаттардағы құнды деректер, құжаттар мен архивтік тарихи материалдармен еркін танысуға болады. Бұл бастама – зерттеушілер, тарихшылар және тарихқа қызығушылық танытатындар үшін баға жетпес ресурс.

Сайттың негізгі бөлімі – жаңалықтар блогі. Елдегі және әлемдегі барлық мәдени жаңалықтар осы айдарда жарияланатын болады. Жоба айтулы фестивальдар, жәрмеңкелер мен конкурстар, сондай-ақ театр қойылымдары мен отандық фильмдердің премьерасы, танымал және жас жазушылар кітаптарының тұсаукесері, көрмелер, мерейтойлық мерекелер, түрлі ауқымдағы өңірлік жобаларды қамтиды.

Сонымен қатар платформада еліміздегі өнер және мәдениет саласындағы басты оқиғалар мен жаңалықтар туралы Қазақстанның мобильді қосымшалары көрсетілген ақпарат орналастырылады.

«Қазақстан мәдениеті жасанды интеллект призмасы арқылы» бөлімі – виртуалды түрде барлық өңірлер мен олардың көрікті жерлерін зерделеуге мүмкіндік береді.

Порталда ақпараттық технологияларға ерекше назар аударылған. «Qazaq Culture» көрерменге виртуалды 3D-тур арқылы Қазақстанның өңірлері мен олардың көрікті жерлерін зерттеуге жол ашады. Ал жасанды интеллектінің көмегімен сайттың әрбір қонағы фотосуретін енгізіп, өзін батыр немесе Ұлы дала жауынгері бейнесінде көре алады.

Сайттың басты ерекшелігі – бірыңғай билет жүйесі. Портал қолданушыларына ыңғайлы болу үшін белгілі бір мәдени іс-шараның билетін сатып алуға сілтеме беріледі.