Кино • 08 Сәуір, 2024

Жауһар: «Менің атым – Қожа»

73 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кім тентек? Қожа тентек. Кім бұ­зық? Қожа бұзық. Тентек болса да ба­­ла кезімізден сүйіп оқып, сүйсіне кө­­ре­тін кейіпкеріміздің бірі Қожа бол­­­ғаны рас. Жарты ғасыр өтсе де А.Қа­­р­­сақбаев пен Б.Соқпақбаевтың клас­­­сикалық туындысы мән-ма­ғы­на­сын жоғалтпаған құнды туын­ды­лар­­дың көш басында тұр.

Жауһар: «Менің атым – Қожа»

Повесть 1957 жылы жазылып, 1963 жылы экраннан көрерменге жол тартты. Ал 1967 жылы фран­цуз­дың әйгілі Канн фестивалінде «Балаларға арналған ең үздік шетел фильмі» аталымын жеңіп алды. Бұл – қазақ кино саласындағы тұңғыш жүлде. Шығарманың жарық көрген жылы тың игеру жылдарымен тұспа-тұс келеді. Қа­зақ жері ханталапайға түскен сәтте басты ке­йіп­кердің есімі басқа емес, Қожа болуында да үлкен мән-мағына жатыр. Яғни «Елдің, жер­дің қожасы – мен» деген ой менмұндалап тұр.

Тағы бір қызығы, басты кейіпкерді сом­даған Нұрлан Санжардың фильм­де өз дауысы жоқ. Оның айтуынша, сегі­зін­ші сыныпқа дейін «р» дыбысына тілі келмегендіктен, орысша нұсқасында оның рөлін Марина Виноградова, ал қазақ тілінде Фарида Шәріпова дыбыстаған.

 

«Тақиялы періште»

кино

«Жоқ. Жалғызбасты еркектің күні құ­рысын. Жанашыр анасы болу керек не бол­маса әйелі». Осы бір ойдан бас­тау алатын бұл фильмнің сю­же­ті жеңіл болғанмен, айтар ойы те­рең, оқиғасы ойнақы, кейіпкерлері ха­л­ық өміріне етене жақын.

Шәкен Айманов «Тақиялы періштесін» 1965 жылы балуандар сайысынан тапқан. Ол балуан өздеріңіз білетін – Әлімғазы Райымбеков. Сонымен қатар бұл фильм­де Бибігүл Төлегенованың «Ана» әнін орындайтын эпизоды бар. Бірақ ол дауыс Бақыт Әшімованың дауысы болатын. Бұл – режиссердің шешімі еді.
О баста фильм композиторы Александр Зацепин «Ана» әнін орыстың белгілі әншісі Майя Кристалинскаяға арнаған. Фильмді қазақшалағанда сол дауысты негізге ала отырып және үні мен мәнері ұқсас болғандықтан Бақыт Әшімованы таңдаған.

 

«Қыз Жібек»

кин

Сценарийін Ғабит Мүсірепов жазып, Сұлтан Қожықов режиссерлік еткен, Нұрғиса Тілендиев пен Қадыр Мырза Әли, Гүлфайруз Исмайылова сияқты өзі ісінің майталмандары ат­са­лыс­қан­ «Қыз Жібек» көркем фильмі – ұлт­тық­ өнердің теңдессіз олжасы.

1944 жылы жазылған сценарий бойын­ша «Қыз Жібек» фильмінің алғашқы атауы «Аққу» болған. Кейін араға жылдар салып, шығармашылық үрдіс нақты өндіріске ұласқанда «Аққу» атауын «Қыз Жібек» алмастырған. Фильмінің тұсауы 1970 жылы Алматы қаласындағы «Целинный» кинотеат­рында кесілген болатын. Ал басты кейіпкер Жібектің рөлінде ойнауға төрт жүзге жуық үміткерден ұсыныс хат келіп түсіпті. Олардың ішінде он бес қыз ғана іріктеуден өтіп, онда да тек Жібектің серіктері ретінде таңдалған.