Төтенше жағдай • 08 Сәуір, 2024

5 миллион теңге: Танымал айтыскер ақын су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға ақша аударды

3955 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына қаржылай көмектесті, деп хабарлайды Egemen.kz

5 миллион теңге: Танымал айтыскер ақын су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға ақша аударды

Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол су басқан аймақтардағы халықтың жағдайына алаңдап отырғанын жеткізген.

«Топан су басып жатқан аймақтардағы халықтың жағдайына алаңдап отырмыз. Біздің күшіміз бірлікте! Бұл қиындықтан да аман өтеміз. Президентіміз барлық шығын өтелетінін айтып жатыр. Азаматтар аман болса осы жерлерде керемет қалашықтар бой көтеріп, арты той болатынына сенеміз! Отбасымыздың атынан 5 миллион қаржы беріп жатырмыз. Алла қаласа, балалар киімдері, жөргек, тағы басқа керек-жарақтарды алып әр аймаққа теңдей бөліп тарататын боламыз! Елімізге Алла жар болсын!», деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.