Оқиға • 09 Сәуір, 2024

Астанада жас қызға шабуыл жасаған ер адамнан пышақ табылды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада көпқабатты үйдің кіреберісінде ер адам 20 жастағы қызға шабуыл жасады, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада жас қызға шабуыл жасаған ер адамнан пышақ табылды

Жәбірленуші түнгі уақытта үйіне бара жатқан. Үйінің есігіне жақындаған кезде ол орындықта отырған ер адамды байқаған. Қыз есікті ашып ішке кірген кезде, ер адам оның артынан барып, шабуыл жасап, сөмкесін жұлып алмақ болған. Бірақ қыз қашып үлгерген.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында «Есіл» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол бұрын сотталған 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тінту кезінде одан ас үй пышағы табылды», деп хабарлады полиция қызметкерлері.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.