Білім • 09 Сәуір, 2024

Инклюзивті оқу орталығы

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордада инклюзивті білім ресурстық орталығы ашылды. Бұл мектеп мұғалімдерінің жұмысын сүйемелдеуге бағыт­талған алғашқы қалалық орталық болып тұр. Бір ерекшелігі, орта­лықтың ашылуына бизнес қауымдастықтың қолдауы мұрындық болған.

Инклюзивті оқу орталығы

Елордада қалалық инклюзивті білім ресурстық орталығы­ның ашылу салтанаты өтті. Жаңа орта­лық астаналық Ж.Тәшенов атын­да­ғы №10 мектептің базасында ашыл­ды, аталған оқу ошағында көру қа­бі­леті төмен 168 оқушы, оның ішін­­де 28 көру қабілетінен айырыл­ған бала оқиды. Ресурстық орта­лық елорданың басқа мектептері­не ерек­ше қажеттіліктері бар балаларды білім үдерісіне қосу бо­йын­ша осы мектептің тәжірибе­сін бөлісу мақсатында ашылды.

Ресурстық орталықтың маман­дары елорданың жалпы білім бере­тін мектептеріне консультатив­тік және әдістемелік көмек көрсе­те­ді. Тифлопедагог, логопед, психолог және дефектолог сияқты арнайы педагогтер практикалық семинарлар мен консультациялар ұйымдастырады, сондай-ақ мек­теп педагогтеріне ақпараттық материал­дар дайындайды.

«2015 жылдан бастап біз ерекше балалармен жұмыс жасауда үл­кен тәжірибе жинақтадық, енді бас­қа мектептердің педагогтерімен бө­лісуге дайынбыз. Білім алуда ерек­ше қажеттіліктері бар оқушы­ларымыздың 16% ғана мектептің жанында тұрады. Қалғандары да үйлеріне жақын мектептерде білім алса, бұл ерекше баласы бар отбасы­на ыңғайлы», деді № 10 мектеп-гим­назиясының тифлопедагогі Сәуле Сағымбаева.

Орталықты «Дара» қайы­рым­дылық қоры «MARS» компания­сы­ның қолдауымен ашты. Компа­ния­ның көмегімен ресурстық орталық қажетті тифлотехникамен, арнайы жиһазбен, сондай-ақ балалармен жұмыс істеуге арналған дамытушы және әдістемелік материалдармен жабдықталған.

Орталық Еуразия, Беларусь және Түркиядағы «MARS» ком­па­ниясының бас менеджері Арман Сүтбаев: «Инклюзия тақы­рыбы – біздің қоғам алдында тұрған үлкен және маңызды мәселе. «MARS» ком­паниясында біз әр адам бірегей және дарынды деп санаймыз және ертең көргіміз келетін әлем бүгінгі істерімізден басталатынына сенеміз. «Дара» қайырымдылық қорымен ын­тымақтастықтың нәтижесінде біз бала­ларға лайықты білім ал­у­ға кө­мек­тесіп жатқанымызға қуа­ныштымын», деді.

Айта кетейік, өткен жылы Астанада 610 нашар көретін және 27 көру қабілетінен айырылған, соның ішінде 419-ы мектеп жасын­дағы баланың ата-анасы арнайы мамандандырылған қызметке жү­гінді.