Қоғам • 09 Сәуір, 2024

Бір отбасында – екі чемпион

26 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрманғазы ауданында тұратын Ернар Қа­ра­жановтың отбасында екі чемпион өсіп келеді. Олар – Әмира мен Айару.

Бір отбасында – екі чемпион

Екеуі де дойбы ойнайды. Бұл ойынды атасынан үйренген. Тоғыз жасар Әмира Есенғұл дойбыдан екі рет ел чемпионы атанған. Сөйтіп, Қазақстанның спорт шеберлігіне үміткер болған.

Жақында 1-сыныпта оқи­тын Айару Есенғұл дойбыдан Қазақстан чемпионатына қатысып, үш медаль ен­шіледі. Дойбының классика түрінен бірінші жүлдені иеленіп, ел чемпионы атанды. Рапидтен екінші, блицтен үшінші орынға ие болды. Енді әпкесі Әмира екеуі 12 сәуірде Өзбекстанда өтетін Азия чемпионатында бақ сынайды.

«Біздің отбасымызда дойбыны кәсіби түрде ойнайтын спорт шебері жоқ еді. Ал қыздарымыздың тек отба­сымыздың ғана емес, елдің намысын қорғайтынына қуа­нып отырмыз. Олар жаттық­тырушысы Бекжан Қабиевтің үйретуімен осындай жетістікке жетіп жүр», дейді әкесі Ернар Қаражанов.

 

Атырау облысы