Таным • 10 Сәуір, 2024

Ғалам жұмбақтары: Бермуд үштағаны

24 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл үштаған – Атлант мұхи­тындағы Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы бір-біріне жалғайтын Бермудтан бас­талып, Порта-Рика аралдары және Маями жағалауына дейін жал­ғасып жатқан үшбұрышты мүйіс.

Ғалам жұмбақтары: Бермуд үштағаны

Ел арасында бұл мүйіске қатысты түрлі қауесет бар. Өйткені Атлант мұхитының осы аймағында талай кеме мен ұшақ із-түзсіз жоғалып кеткен. Дегенмен осы аралдар маңында теңіздің әдеттен тыс алабөтен мінез көрсететінін бірнеше ғасыр бұрын Османлы мемлекетінің теңізшілері айтып кеткен-ді. Әлем жұртшылығы Бермуд үштағанындағы тылсым құпияны өткен ғасырдың бел ортасында ғана білді.

 

Қара құрдым

па

Ғаламдағы жұмбақ құрылымның бірі – қара құрдым. Бұл – жойқын тартылыс күші арқылы бүкіл материя мен жарық нұрын жібермей, өзіне тартып алатын, массасы өте ауыр жұлдыз дене.

Оның өлшемі жоғары. Тартылыс күшінің өрісі тым жойқын болғандықтан ешқандай материя, магнитті толқын, жарық жылдамдығында қозғалады дейтін жарық радиациясы да одан қашып құтылмайды. Оны тіке бақылау мүмкін емес. Бірақ жанама тәсілдер арқылы оның бар екенін, басқаларға қаншалықты күш түсіріп жатқанын зерттеуге болады. Бірақ ғалымдар оны тылсымға толы ғарыштық құбылыс деп бағалайды.

 

Бен-бен пирамидасы

ол

Мыңдаған жылдар бойы ғалым­дарды таңғалдырып келе жатқан дүниенің бірі – Бен-бен пирамидасы.

Қазір құнды жәдігер Мысыр мұра­жайында тұр. Пирамида қара тас­тан жас­талған. Бірақ қара тасты ғалымдар ға­рыш­та ғана кездеседі деп айтады. Оның құ­рамдас бөлігі жер бетінде жоқ. Бүгінге дейін пирамиданың бұрыштары дәлдік­пен қалай кесілгені анықталған жоқ. Кейбір сарапшылар оны метеориттер құлағаннан кейін пайда болған дейді. Қысқасы, Бен-бен пирамидасы әлі күнге дейін жұмбақ күйінде қалып отыр.