Оқиға • 12 Сәуір, 2024

Алматыда әйел адамға тағы шабуыл жасалды

908 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда белгісіз ер адам орындықта отырған әйелге шабуыл жасаған сәті бейнежазбаға түсіп қалған. Бейнежазба журналист Козачковтың телеграм арнасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Алматыда әйел адамға тағы шабуыл жасалды

Оқиға 10 сәуір күні болған. Белгісіз жас жігіт орындықта отырған әйелдің қасына барып, мойнынан ұстап алған. Жақын маңдағы үйдің алдынан өтіп бара жатқан адамдардың арқасында әйел қашып үлгерген.

Алматы полициясының баспасөз қызметі әйелге дене жарақатын келтіру фактісі бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Ер адам ұсталып, жауапкершілікке тартылды.

Еске салайық, 8 сәуір күні Алматыда ер адамның әйелді аяусыз соққыға жыққан видеосы желілерде тараған. Бұл іс бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.