Қоғам • 12 Сәуір, 2024

Тасқынмен күрес: 3 071 тұрғын үй, 1 931 аула аумағынан су бұрылды

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тасқын ахуалы тұрғысындағы соңғы сандық деректер мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тасқынмен күрес: 3 071 тұрғын үй, 1 931 аула аумағынан су бұрылды

Фото: ОКҚ

ТЖМ мәліметінше Азаматтық қорғау қызметтері 99 920 адамды, оның ішінде 36 593 баланы эвакуациялады. Уақытша паналау бекеттерінде 6 566 адам, оның ішінде 3 194 бала бар.

9 млн. 089 мың м3 еріген қар суы алынды. 1,6 млн. астам қапшық және 1,2 млн. тонна инертті материал төселді. 3 071 тұрғын үй мен 1 931 аула аумағынан су бұрылды.