Тұлға • 12 Сәуір, 2024

Белгілі күйші-композитор Әбдімомын Желдібаев дүниеден өтті

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, белгілі күйші-композитор Әбдімомын Желдібаев 87 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп жазады Egemen.kz

Белгілі күйші-композитор Әбдімомын Желдібаев дүниеден өтті

Әбдімомын Желдібаев 1937 жылы 15 қазанда Жамбыл облысы Шу ауданында туған. Жамбыл мәдени ағарту училищесін, Алматы консерваториясын бітірген. 1964 жылдан Шу аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі болды. 30 жылдан астам уақыт «Шу еркесі» халық аспаптар ансамбліне жетекшілік етті. «Құрмет» орденімен марапатталған.

Композитордың «Арман құс», «Толғау», «Жесір сазы», «Ыдырыс», «Аққу», «Абай арманы», «Жамбыл толғауы», «Тұран елі» сияқты 70-тен астам күйі мен әні бар. Күйшінің «Ерке сылқым» күйі халыққа кеңінен таралған. Атақты туындының құрметіне 2011 жылы Шу қаласында ескерткіш орнатылған.