Қоғам • 12 Сәуір, 2024

Елімізде отау құрғандар саны жылдағыдан азайған

55 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2023 жылы АХАТ органдары Қазақстан Республикасында 120,8 мың некені тіркеді, бұл бұдан бұрынғы жылмен салыстырғанда 5,9% аз, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде отау құрғандар саны жылдағыдан азайған

Некелесудің жалпы коэффициенті 6,07 құрады (1000 адамға шаққанда). Өңірлер арасында Астана қаласының тұрғындары көп некелескен, 1000 адамға шаққандағы кэффициент 7,46, ал ең төменгі деңгей Түркістан облысында – 1000 адамға 5,55 болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық статистика мәліметінше, отбасын құрғандардың ішінде бірінші рет некеге тұрған ерлердің үлесі 78,2%, әйелдерде – 79,4%, ажырасқандар арасында қайта некеге тұру үлесі ерлерде 20,4%, әйелдерде 18,9% болды.

Қалалық жерлерде 80 мың неке (66,2%), ауылдық жерлерде 40,8 мың неке (33,8%) тіркелді.

Алғаш рет некеге тұрғандардың орташа жасы ерлер үшін 27,8 жас, әйелдер үшін 25,2 жас болды.

Тіркелген некелердің 82,3% моноэтникалық, яғни бір ұлт арасындағы жұптардың отасуы, ал қалған 17,7% – этносаралық.

Ажырасуға келетін болсақ, олардың саны 2022 жылмен салыстырғанда 9,6% азайып, 40,2 мыңды құрады. Қалалық жерлерде 29,4 мың ажырасу (73,1%), ауылдық жерлерде 10,8 мың ажырасу (26,9%) тіркелген.

Ажырасудың жалпы коэффициенті 2,02 құрады (1000 адамға шаққанда). Ажырасудың ең жоғары деңгейі ШҚО-да – 1000 адамға шаққандағы коэффициент 3,14, Түркістан облысында ең төмен – 1000 адамға 0,89. Осылайша, 2023 жылы 1000 некеге 333 ажырасудан келген (2022 ж. – 347).

Неке ұзақтығы бойынша ажырасулардың ең көп үлесі (34,9%) некеде 1-4 жыл өмір сүрген отбасылар арасында, тағы 26,7% 5-9 жыл бірге отасқандар арасында болған.