Пікір • 16 Сәуір, 2024

Заң орындалуымен маңызды

71 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінгі қоғамда әйел мен балаға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату заманның талабы мен сұранысына сәйкес туындап отырғанын ұмытпауымыз қажет. Өйткені қоғамдағы қордаланған мәселе осындай заңды қабылдауға әкелді.

Заң орындалуымен маңызды

Бұл мәселе қоғамда қызу талқыланып, осы бағыттағы заңнама­лар­ды жетілдіру қажеттігі айқын­дал­ды. Сарапшылар, қоғам бел­сен­ділерінің пікірі ескерілген заңның басты міндеті балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәсе­лелері бойынша мемле­кет­тік саясаттың құқықтық, эконо­ми­калық, әлеуметтік және ұйым­дас­ты­рушылық негіздерін жетіл­діру, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстың алдын алу және жолын кесу деген ортақ мүддеде тоғысты.

Мемлекет басшысының ұста­нымы айқын – заңның үстемдігін белгілеу және заң нормалары сақталатын әділетті қоғам құру. Президент ұсынған заң және тәртіп қағидаты барлық мәселе құқықтық салада шешілуі керек дегенді білдіреді.

Құжаттың мақсаты – Мемлекет басшысының әйел мен балаға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісі үшін жауап­кер­шілікті қатаңдату, отбасы инс­титутын нығайту және кәмелетке толмағандардың қауіп­сіз­дігін қамтамасыз ету. Оның ішінде бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға бағытталған.

Заң шығарушы орган қоғамның сұранысына сәйкес жаза түрлерін анықтады. Қатаң жаза – қылмыстың алдын алудың және қоғамды қауіпті қылмыскерлерден қорғаудың тиімді әдісі. Құжатта, ең алдымен, қылмыстың алдын алуға және азаматтардың құқықтарының әділдігі мен қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені көзделген. Сонымен қатар енгізілген түзетулер балалардың құқықтық санасын қалыптастыруға арналған. Кәмелетке толмағандарды қорқыту және кибербуллинг үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Кәмелетке толмағандар арасында буллинг жиі кездеседі. Осыған байланысты білім беру ұйымында ұзақ уақыт бойы буллингке қарсы тұрудың заңды тетіктері болған жоқ. Олар тек профилактикалық сөйлесумен, мектепте есепке алумен шектелуге мәжбүр болды.

Құжатқа әйелдер мен бала­ларға қатысты кез келген сипат­тағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіп­сіз­дігін нығайтатын нормалар енгізілді.

Ендігі жерде аталған заң өз деңгейінде орындалады деп сенеміз. Себебі заң орындалуымен маңызды.

 

Руслан РҮСТЕМОВ,

Сенат депутаты