Су тасқыны • 17 Сәуір, 2024

Тасқын сейілгенше күрес тоқтамайды

36 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет Қазақстанның батыс және солтүстік өңірлеріндегі ауқымды су тасқынын болдырмау және оның салдарын жою үшін қажетті күштер мен құралдарды жұмылдырды.

Тасқын сейілгенше күрес тоқтамайды

Фото: primeminister.kz

Бүгінгі таңда апатты-құт­қару жұмыс­тарына ТЖМ, Қорға­ныс министр­лігі, ІІМ, ҰҚК, МКҚ, әкімдіктер мен ұйым­дардан тәулік бойы 34 мыңнан астам адам, 4 мың­нан астам техника, 890 сорғы және 335 жүзу құралы, 19 әуе кемесі тартылды.

Су тасқыны басталғалы бері Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарына Ақмола, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Түркістан және басқа облыстардан 1 мыңнан астам арнайы техника мен жеке құрам жіберілді.

Бүгінде зардап шеккен өңірлерге қосымша 500-ден астам арнайы техника жолға шықты. Олар 2 тәулік ішінде жетуге тиіс.

Осы орайда жергілікті жерлерде өзендер мен су айдындарының жанында орналасқан елді мекендерді қызыл судан қорғау бойынша қажетті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн. Қорғаныс құрылыстары мен бөгеттер салынып, еріген қар суын шығару қолға алынып, инертті материал толтырылған қапшықтар төселуде.

Аэровизуалды тексеру мен дрон­дар­дың көмегімен өзендердегі және су қоймаларындағы жағдайға тәулік бойы мониторинг жүргізілуде.