Қоғам • 17 Сәуір, 2024

«Көлік екіге бөлініп кеткен». Алматыдағы жол апаты бірнеше адамның өмірін қиды

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде жантүршігерлік апат бейнеленген видео жарияланды. Алматы облыстық Полиция департаменті жол-көлік оқиғасына қатысты түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.

«Көлік екіге бөлініп кеткен». Алматыдағы жол апаты бірнеше адамның өмірін қиды

Фото: krispi_ kaz

Қайғылы оқиға 16 сәуір күні Алматы облысы Байсерке ауылында болған.

Жол апаты кезінде Daewoo Nexia көлігі екіге бөлініп кетіп, 24 жасар жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Ал тізгінде болған жүргізуші түрлі дене жарақаттарымен Өтеген батыр ауылындағы ауруханаға жеткізілді. Кейін ол да есін жимай, жансақтау бөлімінде жан тапсырды.

«Дерек абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу бойынша Іле аудандық Полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», делінген облыстық Полиция департаменті таратқан түсініктемеде.