Қоғам • 18 Сәуір, 2024

Су тасқыны салдарынан көз жұмғандар саны нақтыланды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ел өңірлерінде болып жатқан су тасқыны салдарынан қаза тапқан адамдардың санын атады, деп хабарлайды Egemen.kz

Су тасқыны салдарынан көз жұмғандар саны нақтыланды

фото: Атырау облысы ТЖД

«Мұндай қайғылы оқиға бірнеше өңірде тіркелді. Атырау облысында 4 адам, ал Түркістан облысында кішкентай бала суға батып кетті. Аталған оқиғалар бойынша қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деді Қожаев.

БАҚ өкілдері Абай облысының Аягөз ауданында болған оқиғаны да тілге тиек етті. Еске салайық, Аягөз ауданында 2 адам трактормен бірге суға батып кеткен еді.

«Барлық дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарылады», деді вице-министр.