Саясат • 20 Сәуір, 2024

Ұлттық ғарыш орталығында болды

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғыз Республикасының Прези­денті Садыр Жапаров Қазақстан Респуб­ликасына ресми сапары барысында «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық ғарыш орталығына барды.

Ұлттық ғарыш орталығында болды

Фото: primeminister.kz

Сапар барысында Қазақстанның ғарыш­тық жетістіктері мен ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің жұмысымен танысты.

Отандық мамандар ғарыш монито­рингі саласындағы жобалар туралы айтып, ғарыш аппараттарды құрастыру кезеңдері мен шығарылатын компоненттердің үлгілерін ұсынды. Сонымен қатар ға­рыш­қа ұшыру алдында спутниктерді сы­нақтан өткізу жұ­мыстары жүргізілетін аумақтарды да аралап көрді.

Орталыққа барған сапарында Қыр­ғызстан басшысы Садыр Жапаровпен бірге Премьер-министр Олжас Бектенов жүрді. Сондай-ақ екі ел арасындағы ғарыш саласындағы серіктестікке де назар аударылды.